Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішевті еске алу күні 2019

22.04.2019

20 сәуір күні Кентау қаласындағы Ю. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінде Ержан Тәтішевті еске алу күні өтті. Жыл сайын мектеп түлегі туған күні қарсаңында спартакиада өткізіледі. Биылғы жылы дәстүрге айналған жарыстар өтті: волейболдан, Ержан Тәтішевтің сүйікті спорт түрінен турнир, шахматтан турнир, кіші және орта сынып оқушылары арасында ғарышкерлік тақырыбында ең жақсы бұйымдар мен суреттер конкурсы және математикадан “Теңіз шайқасы”интеллектуалды конкурсы.

Еске алу күні жаңа сайыстардың – көркем гимнастика мен каратэден қалалық турнирлердің арқасында ерекше мерекелік және қызықты өтті. Каратэ бойынша турнирге бес жастан он бір жасқа дейінгі жас топтары қатысып, ката кумитэ категориясында өз шеберліктерін көрсетті. Жаттықтырушылардың, Ильясов Сәкен, Самбонарис Татьяна және Айтмаханова Маржан өз жұмыстарыне берілуінің арқасында балалар физикалық дамиды, шығыс жекпе-жегінің рухани негіздерін сіңіреді және кәсіби өсуде.

Жас гимнасшылардың мүдделерін көркем гимнастика бойынша жаттықтырушы, Подхлебная Екатерина алға жылжытуда. 2016 жылы ол “Кентау қаласы бойынша көркем гимнастика федерациясы” Қоғамдық Бірлестігін құрды. Оның қызы Скворцова Ариадна №16 лицей-мектебінің 9 “А” сыныбында оқиды және үлкен үміт береді – қазір ол Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі және көркем гимнастикадан спорт шеберіне үміткер болып табылады. Жақындағы тізе операциясына қарамастан, Ариадна қазылар алқасы мүшелері мен мереке қонақтарын өз өнерлерімен қуантты.

Ержан Тәтішев Қоры мектеп-лицейге қолдау көрсетуге тырысады және оның материалдық-техникалық базасын жақсартуға көмектеседі. Биылғы жылы мектепте бақылау камералары орнатылды. Қор Ержан Тәтішевті еске алу күнін ұйымдастырғаны үшін мектеп әкімшілігіне алғыс білдіреді, ал барлық оқушыларға оқу жылының сәтті аяқталуын тілейді!

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!