Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2014

Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарламасының 2014 жылғы түлектері

АУДАНБЕКОВ АХАТ

Ахат Алматыда ата-анасымен және әпкесімен бірге тұрады. Жастайынан Ахат балалық церебральді сал ауруына ұшыраған, №2 түзетуші мектеп-интернатын тәмамдаған. Ержан Тәтішев Қорының грантын ұтып алғаннан соң, политехникалық колледждің техник-программист мамандығына оқуға түседі. Ахатты стол теннисі қызықтырады. Аса қызығушылығының артқаны соншалық, ол өзінің категориясы бойынша бірқатар республикалық жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелер көрсеткен. Мұғалімдер оның мақсатқа қайтсе де жете алатынын, оптимизмін атап көрсетеді. Кез келген адам өзінің бойындағы кемшілігіне қарамастан, қоғамның дамуына үлкен үлес қоса алатынына сенімді. Оның өмірлік мақсаты – дәлелдеу.

 

БАЙБУСИНОВ СУЛТАН

Сұлтан Алматы қаласынан болады. №2 түзетуші мектеп-интернатын тәмамдады, өйткені ол да жастайынан церебральді сал ауруымен ауырады. Отбасында 4 адам. Сұлтан Алматы қаласындағы басқару және нарық колледжінің «есептеуші техника» мамандығы бойынша білім алуда. Сұлтан жүзумен, музыкамен айналысады, әдебиетті жаны сүйе оқиды. Оның бойындағы қайсарлығын, мақсаткерлігін мұғалімді атап өтеді. Қиындыққа қарамай, ол қозғалудың қозғаушы құралдарынсыз өздігінен жүріп жатыр. IT-технологияларын деген қызығушылығы зор, болашақта компьютерді жөндеу және біріктіру бойынша жеке меншік компаниясын ашуды армандайды.

 

ГРАЧЕВ ПЕТР

Петр көп балалы отбасынан шыққан, Алматылық. Олар жанұяда 5 балалы. Осы оқу жылында ол Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарын алудағы байқаудың жеңімпазы болып, Алматы индустриалды колледждің программист мамандығы бойынша студент атанды. Петя компьютерді тексеріп, соны зерттеумен айналысады, компьютерді орнату крусын тәмамдаған. Электротехниканы жақсы меңгерген, барлығын жасай алатынын мақтан тұтады. Спортпен айналысқанды ұнады, әсіресе, стол теннисі. Осы спорт түрлерінде бірқатар жетістікке жеткен. Ол үшін спорт – өзінің жеке тұлға екенін көрсету тәсілі. Өзінің категориясы бойынша спорт мастері.

 

ГРИНЬ ДМИТРИЙ

Дмитрий Гринь Алматыда туып өскен бала. Халықаралық бизнес Академиясының колледжіне оқуға Қордың білім грантын жеңіп алды. Сырқатына қарамастан Дмитрий балалық шағынан түрлі спорт түрлерімен айналысады, өлең жазады, ән айтқанды жақсы көреді. Диманы логикалық тапсырмалар шешу аса қызықтырады. Сондықтан да оның қаржыгер-аудитор болуына осы қабілеті итермеледі. Колледжті тәмамдаған соң өз оқуын қаржы саласында жалғастырып, болашақта жоғары білікті маманы болатынына сенімді.

 

ЖИЕНБЕКОВ КАНАТ

Қанат Алматы қаласында анасы және екі ағасымен бірге тұрады. Мектепті жақсы бағамен тәмамдаған. Қанат Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарының арқасында Алматы индустриалды колледжде оқитын болады. Қанат балташылық жұмысымен айналысатынын бізді таң қалдырды. Ол стол теннисі, дартспен айналысады, соның арқасында бірқатар марапаттарға қол жеткізген. Осы спорт түрлерінен тыс, ол шахмат пен шашки ойнағанды ұнатады. «Қанат өте еңбекқор, өмір бойы оптимист бала» дейді оның спорттағы жаттықтырушысы.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!