Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Осы жылы мен өзімді корейлік студент ретінде сезіндім

24.08.2011

Осы жылы мен өзімді корейлік студент ретінде сезіндім

 

Осы жылы мен өзімді корейлік студент ретінде сезіндім. Білім алып жатқан Халықаралық бизнес Университетінің стипендиалды бағдарламасының арқасында мен Корей елінің Тэджонд қаласында жарты жыл сабақ алдым және өмір сүрдім. Тэджон – Оңтүстік Корей елінің ең ірі бесінші қаласы, роботты құрастыру және техникалық ғылым саласында алдыңғы қаланың бірі болып есептеледі. Мен Woosong университетіндегі SolBridge халықаралық бизнес Мектебінің қаржылай ежелерін меңгердім. Корей еліндегі қалалар-университеттер тұтастай кішкентай қоныстар сияқты. Мысалы, Woosong marts дүкендерін, Woosong herjunhair сән үйлерін, Woopets зоодүкендерін кездестіруге болады. Бұндай жағдайды KAIST және University қалаларынан да байқауға болады. Осы оқу кезеңінде мен корей халқы жайлы бірқатар ақпараттармен таныстым. Кейбір жәйттер мені таң қалдырса, кейбір жағдайларды түсінбей жаттым.

Корей өмірінен менің есімде қалған біраз жәйттермен бөлісейін. Сеул қаласында мен және менің достарым мәдени келеңсіз жағдайға ұшырадық. Корей достарым бізге келуші корей-бюджеттіктерге арналған түнеп шығатын дәстүрлі орынмен таныстырды. Ол қоғамдық сауна болғаны бізді таң қалдырды. Бұның ерекшелігі бұл жер ер және әйел адамға да ортақ екен. Келушілер жылы, ысытылған кафельге ұйықтайды екен. Сол күні сонда түнедік, ертесінде барлығымыздың мойнымыз, арқамыз ауырып тұрдық, түнімен плантацияда күріш жинағандай болдық.

Плантация жайлы бірер сөз. SolBrige университетінде шетелден келіп оқитын студенттер өте көп. Сондықтан да университеттен мәдени-ағартушылық саяхаттың болуы ғажап емес. Соның ішінде «Reeds field» қамыс алаңына барған саяхат мәңгі есімде қалды. ТМД мемлекетінен келген студенттерге корей акценттері кейде түсініксіз болып келеді екен. Біздің айтуымызша, «Раэйс филд» (күріш алаңы). Біз фильмде көрсетілгендей, күріш су егісінде өндірілетініне сенімді едік. Өте құрғақ қабықтары мен қиларды біз күріш өсірудің корейлік тәсілі деп ойладық. Тезектің көп болғаны сонша, барған студенттер тұрмақ, тұрған автобустың өзі сасып кетті. Барлығы бізден айнала қашты. Біздің жіберген қателігіміз үшін біразға дейін күлдік. Біраз уақытқа дейін осы уақиға есімізден кетпей жүрді.

Оңтүстік Корейде өмір сүрген әсерім жайлы жаза берсем қағаз жетпес. Мегаполистен 20 минут шақырымда орналасқан табиғаттың, неке қиюдың қайталанбас үрдістерінің, Пусан теңіз қаласының кемежайының өзі сипаттауға сөз жетпейді. Корей асханасы жайлы жекелей мақала жазу қажет.

Жалпы Корей елі өте үдемелі мемлекет. Жылы шырайлы халқымен де ерекше.

 

Ернар Джекпельдинов,

ХБУ 3-ші курс студенті

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!