Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2018

“Кәсібіңді таңда!” бағдарламасының 2018 жылғы жеңімпаздары

АЙТМАНБЕТ АҚТӨРЕ

Ақтөре Алматы қаласындағы №2 мектеп-интернатты бітірді. Ол өзін-өзі алып жүре алатын қабілеті мол бала. Мектеп табалдырығында жүргенде химия, физика, тарих, қазақ әдебиеті сияқты пәндерді ұнататын. Ақтөре ән салғанды жақсы көреді, ол бос уақытын кітап оқумен немесе футбол алаңында өткізеді. Ақтөре мінезіндегі сыпайылығын ең жақсы қырым, қызбалығын ең жағымсыз қырым деп біледі. Ақтөре көп балалы отбасының үлкені, сондықтан да өзінен кіші іні-қарындастарына үлгі болуға тырысады. Қордың білім гранттары байқауына өзінің аңсаған арманы, жеке мал шаруашылық ашуды көздеп, білімін осы бағытта іске асырамын деген үмітпен келді.

ОДИНЦОВ ПАВЕЛ

Павел – Алматы қаласындағы №2 мектеп-интернатының түлегі. Жақындары оны адал, ашық, жайдары мінезді, әрі жауапты адам деп таниды. Павел басқалардың пікірін жоққа шығармай, өз көзқарасын жеткізе біледі. Бала кезден бастап-ақ ақпараттық технологияларға қызығушылық танытқан ол қазірде Интернетті қолданып, мәтіндер мен мәліметтерді сараптай біледі. Бос уақытында ол бейнебаяндар түсіріп, өз бетімен монтаж жасайды, мультипликацияны меңгеріп, мультфильмдерге сценарий жазумен айналысады. Павел қозғалыс пен спортқа көңіл бөлуді ұмытпайды – жүзумен және дартцпен айналысады. Ол адамның сүйікті кәсібі моральді қанағаттандырып қана қоймай, табыс көзі болуы тиіс деп санайды. 2017 ж. Павелге “Равный – равному” атты жоба аясында “Операторство”, “Видеомонтаж”, “Режиссура”, “Журналистика”, “Продюсирование” сыңды қосымша курстардан өту мүмкіндігі түсті.  Болашақта ол таңдаған мамандығын жетік меңгеріп, өзінің асыл арманы – Африкаға сапар шегеді деп сенеді.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!