Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Регламент

ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ РЕТТЕМЕСІ

1. Жалпы ережелер:

Қордың жоғарғы басқару органы болып Қамқоршылық Кеңесі саналады. Қамқоршылық Кеңесі (бұдан әрі Кеңес) Қор құрылтайшылары бекіткен осы Реттемеге сәйкес жұмыс істейді. Реттеме Кеңестің барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ Ержан Тәтішев Қорының қызметімен байланысқан сұрақтарды қарастыру процедураларын реттеуші негізгі құжат болып табылады. Реттемеге өзгерістер енгізу жұмыс тәртібінде құрылтайшылардың бекітуіне беріледі, содан кейін олар жарамды деп аталады және міндетті түрде орындалуы тиіс деп есептеледі.

Кеңес Қор жобаларын және Қор қызметімен байланысқан басқа мәселелерді қарастыру үшін екі айда бір рет кездеседі. Кезектен тыс отырыстар Кеңес мүшелерінің бірінің немесе Қор президентінің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

Қамқоршылық Кеңесі Қазақстан Республикасында өркендеуші, әлеуметтік-жауапты азаматтық қоғамды құру үшін жас ұрпақты дамытуға маңызды үлес қосуға, сондай-ақ Қордың бекітілген ережелеріне қатаң сәйкестікте және де үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес қажет ететіндерге басқа көмекті көрсетуге ерікті түрде шын ниетпен ұмтылушы жеке тұлғаларды біріктіреді.

Қамқоршылық Кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚР-ның «Білім жөніндегі» Заңын, ҚР-ның «Қоғамдық бірлестіктер жөніндегі» Заңын, Азаматтық Кодексін, Қор жарғысын, осы Ережені, сондай-ақ басқа заңдар мен нормативтік актілерді жетекшілікке алады.

2. Мақсаттары мен міндеттері:

Қамқоршылық Кеңесінің мақсаттарына жататындар:

  • Ержан Тәтішев Қорын Білім беру жүйесі және қайырымдылықты дамыту саласында жұмыс істейтін жетекші халықаралық аймақтық жеке білім беру қорларының бірі ретінде дамыту;
  • Қордың мақсаткерлігі мен көрегендігіне сәйкес оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қайырымдылық пен филантропияның үздік дәстүрлерін сақтау және дамыту;
  • Қордың халықаралық гуманитарлық білім беру және қайырымдылық ұйымдар жүйесіне интеграциялануы.

Қамқоршылық Кеңесінің міндеттеріне жататындар:

  • Қордың ұйымдастырушылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін қалыптастыру және стратегиялық басқару;
  • Қордың халықаралық байланыстарын дамытуға ықпал ету;
  • Қордың әрекет етуші және жаңа бағдарламалары мен жобаларын дамытуға ықпал ету;
  • Қордың материалдық-техникалық базасын жетілдіру және дамыту.

3. Қамқоршылық Кеңесінің құрамы, мүшелерінің құқықтары және міндеттері.

Қазақстан Республикасының азаматтары және әр алуан корпоративті ұйымдарды танытушы шет мемлекеттердің азаматтары немесе Қордың мақсаттары мен міндеттерін қолдаушы, Ержан Тәтішев Қорының келешек ұрпаққа арналған әлеуметтік жобаларын дамытуға шын ниетпен мүдделі және өз әрекеттерімен оған ықпал етуші жеке тұлғалар Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері бола алады.

Қамқоршылық Кеңесі келесі құрамнан тұрады:

  • 4 (төрт) тұрақты мүше (Қордың құрылтайшылары);
  • 1 (бір) сарапшы мүше;
  • Құрметті мүшелері (ҚР-ның бизнес, қоғам, мәдениет және өнер өкілдері) – саны шектелмеген;
  • Атқарушы Хатшылық

Кеңестің тұрақты мүшелері (Қордың құрылтайшылары) Қордың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде мүше болып қалады және ерікті тілегі және келісімі жағдайында Қор құрамынан шығарылады. Қамқоршылық Кеңесінің қалған мүшелері 1 (бір) жылға сайланады. Өкілеттіктердің әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда олар жаңа мерзімге қайта сайлануы мүмкін немесе жаңа мүшелермен алмастырылады. Осы мәселені шешу құқығы Қордың Құрылтайшыларына беріледі. Қордың жаңа мүшелерін бекіту Қамқоршылық Кеңесінің жыл сайынғы өтініштерімен құлақтандырылады.

Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің құқықтары:

  • Қордың қаржылық жағдайы, оның материалдық-техникалық базасы, орындалатын жобалар мен бағдарламалардың жай-күйі, зерттеулер және Қордың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Қамқоршыларға қажетті Қор қызметінің басқа да мәселелері жөніндегі толық ақпаратты алу;
  • Қамқоршылық Кеңесімен қарастырылған және бекітілген ұсыныстардың және бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау;
  • Қор қызметі жөніндегі ақпаратты еркін түрде тарату;
  • Қор қаржыларын қалыптастыру тәртібін және пайдалану бағыттарын анықтау;
  • Қор тарапынан әзірленетін және жүзеге асырылатын бағдарламалар мен жобаларға қатысу.

Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің міндеттері:

  • Қор қызметінің дамуына, оның жобаларына, сондай-ақ Қордың жағымды қоғамдық жақсы атағын (имиджін) нығайтуға ықпал ету;
  • Қордың халықаралық байланыстарын, оның материалдық базасын нығайтуға және кеңейтуге ықпал ету;
  • Қордың Қазақстандағы және аймақтағы серіктестік байланыстарын кеңейтуге ықпал ету.

4. Қамқоршылық Кеңесі Басқармасы

Қамқоршылық Кеңесінің отырыстары Кеңестің бекітілген кестесіне сәйкес жылына 6 рет өтеді. Кеңес қажетті жағдайда Кеңестің бір мүшесінің немесе Қор президентінің өтініші бойынша кезектен тыс отырыстарға жиналуы мүмкін.

Қамқоршылық Кеңесі Қор қызметінің барлық мәселелерін шешеді, атап айтқанда:

  • Қордың Жарғысына сай оның қызметіне жетекшілік етеді;
  • Жыл сайын Қордың Құрылтайшылары алдында оның қызметі жөнінде есеп береді;
  • Қамқоршылық Кеңесінің отырысы өтті деп есептеледі, егер оған құрылтайшылардың бірі, Қор Президенті және оның тұрақты мүшелерінің кем дегенде үшеуі, немесе олардың тарапынан ресми өкілетті өкілдері қатысса. Объективті себептерге байланысты қатыса алмайтын Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері өз өкілеттіктерін оның басқа мүшелеріне табыстауға құқылы. Қамқоршылық Кеңесі отырысының шешімдері қабылданды деп есептеледі, егер оған Кеңес отырысына қатысушы мүшелердің басым көпшілігі ашық дауыс беру арқылы дауыс берген болса;
  • Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері (Қордың құрылтайшылары) қабылданатын шешімдерге қатысты тыйым салудың (ветоның) айрықша құқығын иеленеді. Егер Кеңестің кем дегенде 2 тұрақты мүшелерімен тыйым салу (вето) құқығы салынса, отырыстар өтпейді.;
  • Қажетті жағдайда Кеңес отырысына белгілі бір мәселелер бойынша сарапшылар қатысады. Сарапшылардың дауыс құқықтары бар.
  • Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Қамқоршылық Кеңесінің тұрақты мүшелері арасынан бір жылдық мерзімге сайланады және ҚК-нің жыл сайынғы отырыстарында қайта сайланады.;

Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы:

  • Қамқоршылық Кеңесінің қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді;
  • Қордың Қамқоршылық Кеңесін мемлекеттік, бизнес- және қоғамдық ұйымдар мен мекемелерде танытады;
  • Қор Президенті ұсынған күн тәртібін бекітеді және оны жүргізеді.
  • Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы болмаған жағдайда оны Қамқоршылық Кеңесінің өкілетті басқа мүшесі алмастырады;
  • Қамқоршылық Кеңесінің құжаттарын жүргізу, сондай-ақ отырыстарды ұйымдастырушылық-техникалық дайындығы Қордың атқарушы штатына жүктеледі.

5. Бухгалтерлік есеп

Кеңес жұмысына қатысуға байланысты барлық шығындарды Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері өзіндік қорлары арқылы жабады.

6. Қамқоршылық Кеңесінің қайта ұйымдастыру және тарату

Қамқоршылық Кеңесін қайта ұйымдастыру және тарату Қор құрылтайшыларының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!