Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Қордың басқару органдары

Қордың Жоғарғы басқару органы болып Құрылтайшылардың жалпы жиналысы саналады, алқалық басқару органы – Қамқоршылық Кеңесі, атқарушы орган – Президент, тексеру органы – Тексеруші (Ревизор).

Қордың алқалық басқару органы болып Қамқоршылық Кеңесі саналады, оның мүшелері құрылтайшылардың жалпы жиналысында бір жылдық мерзімге сайланады.

Қамқоршылық Кеңесінің құзыретіне жататындар:

  • Қордың атқару органының өкілеттіктерін тағайындау және тоқтату;
  • Қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылау;
  • Қордың ұйымдастырушылық құрылымын, Қордың жыл сайынғы операциялық бюджетін мақұлдау, сондай-ақ Құрылтайшылардың Жалпы жиналысының айырықша құзыретіне кірмейтін кез келген басқа сұрақтарды шешу.

Қамқоршылық Кеңесі жөніндегі Ереже құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен бекітіледі. Қамқоршылық Кеңесінің құрамына Кеңестің құрметті мүшелері және Кеңестің Сараптаушы мүшесі кіруі мүмкін. Кеңестің құрметті мүшелері Кеңеспен Қамқоршылық Кеңесінің отырыстарына жыл сайын және қоғамдық бастамада қатысу үшін шақырылады.

Атқарушы органға Президент жатады, ол бір жылдық мерзімге тағайындалады, жалпы жиналыстың және Қамқоршылық Кеңесінің шешімдері негізінде және оларды орындау мақсатында әрекет етеді және олардың алдында есеп береді. Президент:

  • Қор қызметіне ағымдағы жетекшілікті жүзеге асырады;
  • Қызметкерлерді тағайындайды, еңбек шарттарын, келісім-шарттарды бекітеді;
  • Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындармен, мекемелермен, өзге де жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда Қорды танытады;
  • Қордың қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқауларды береді;
  • Қор атынан мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы;
  • Құрылтайшылардың Жалпы жиналысының және Қамқоршылық Кеңесінің айырықша құзыретіне кірмейтін өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Тексеруші

Қордың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды Құрылтайшылармен таңдалатын Тексеруші жүзеге асырады.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!