Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2015

Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарламасының 2015 жылғы түлектері

ЖОЛБОЛДИЕВА ӘСИЯ

Әсия болашақта тілмаш болғысы келеді. Сондықтан да Ержан Тәтішев Қорының білім грантының арқасында Алматы қаласындағы қазақ-түрік колледжіне оқуға түсті. Қазақтың ұлттық аспабында жақсы ойнайды. «Мейірім» қалалық байқауда, «Шаттық» республикалық байқауда гран-приге қол жеткізген. Көз ақауына қарамастан, Әсия өзі оқып бітірген №4 Н.Островский атындағы арнаулы мектеп-интернатының қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысқан. Оқу үлгірімі жақсы. Асқақ арманы мен мақсатына жету үшін талмай еңбектену керектігін түсінген Әсия, көп оқып, ізденуден жалықпаймын дейді. Ата-анасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан Әсияның болашағы үшін қоныс аударды. Сондықтан да отбасының да, Ержан Тәтішев Қорының да сенімі зор.

 

ЖҰМАБЕК ЖАСҰЛАН

Жасұлан Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласынан келді. Болашақта дәрігер болуды армандайды. Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы кәсіптік лицейін үздік дипломға тәмамдады. Лицейдің қоғамдық өміріне белсенді ат салысып, «Жігіт сұлтаны», «Бәрекелді жігіттер», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сияқты өнер сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бос уақытында сурет салу және би үйірмелеріне қатысады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық «Жауқазын» өнер байқауында би қойлымын жоғары дәрежеде орындап, 2 дәрежелі дипломға ие болған. Ұсыныс хаттарынан Жасұланның алғырлық, еңбексүйгіштік, орындаушылық, білімділік, жан-жақтылық қасиеттерін байқауға болады. Заманауи талаптарға сай, Жасұлан компьютердің қыр-сырын жақсы меңгерген, бірқатар компьютерлік бағдарламаларды біледі. Бала күнінен жүрек ауруына шалдыққан Жасұлан 3 топтағы мүгедектігіне қарамастан, сабақтан қалмай, лицейдің барлық іс-шараларына ат салысқан. Оған қала әкімі, лицей басшылығынан алған бірқатар алғыс хаттары куә.

 

КЕНБАБИН АРҒЫН

Арғын Қарағанды облысының Балқаш қаласының тұрғыны. Ол 9-сынып оқып жүрген кезінде жол апатына ұшырап, жұлынның анатомиялық зақымдануы атты ауыр науқасқа шалдыққан-ды, содан бері арнайы колясканың көмегімен қозғалып жүр. Арғын мектепті 2009 жылы мектеп бітіруімен қатар, мүгедектігі бар адамдардың әдетте кездігетін қиыншылықтарға тап болған соң, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласына қызығушылық таныта келе, өзінің заңгер мамандығына бет бұруға шешті.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!