Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2016

Балалар үйінің түлектеріне арналған Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары бағдарламасының 2016 жылғы жеңімпаздары

Воронцов Альберт

Альберт Астана қаласынан келді. Мектепті үздік куәлікпен тәмамдады. Бойындағы ұйымдастырушылық, ізденушілік, талаптылық, көшбасшылық, адалдық сияқты қасиеттер оның мектеп президенті болуына ықпал етті. Ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың қоғамда тез бейімделуіне, олардың қарым-қатынастарын нығайту және қалыптастыру, балалардың білімдерін жан-жақты жетілдіру мақсатында аталмыш балалар үйінің жанында ашылған «Жас ұрпақ» балалар ұйымының президенті болып тағайындалған. Жастайынан музыкаға әуес болып өскен Альберт, керней классы бойынша музыкалық мектепті тәмамдаған. Бүгінгі күні ҚР үрмелі оркестр арасындағы Республикалық гран-придің дипломанты, сондай-ақ үрмелі оркестрде солист. Баскетбол және футбол спорттық секциясының мүшесі. Іріктеу байқауында командамен жұмыс жасау кезінде, оның бойындағы толеранттылық, істі аяғына жеткізу, соңғы мақсатты көрегендігі, ойлау қабілетінің жоғарылығы – оған және оның командасына жеңіс әкелді. Балалар үйінің тәрбиеленушісі бола тұра, басқа балалармен теңдей жұмыс жасап, өзін белсенді көрсетті. Оған ешқандай тапсырмалар қиынға соқпады. Топта өзінің ойын жасқанбай білдіріп, топ мүшелерінің назарын өзіне аударды.

 

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!