Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Қор Президенті

Жарықова Дана Жеңісқызы

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қорының Президенті

Дана Жеңісқызы Сант-Петербург мемлекеттік университетінің философия факультетін тәмамдаған (1993). Кәсіби іс-әрекетін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің және Қарағанды медицина Академиясының қабырғасында ежелгі дүниенің тарихы мен философиясы бойынша аға оқытушылықтан бастаған. Е.Бүкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің философия тарихының кафедрасында аспирантураны бітірді (1996). Қарағанды облыстық өнер мұражайында аға ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады, мұражайды дамытуға қаржыландыру іздестіріп, көрмелерді ұйымдастырған. 2000 жылдан бастап «451 градус по фаренгейту», «Мегаполис», «Авиатрек» атты газеттерде штаттан тыс тілші болып қызмет атқарған. Көркем фильмдердің сценарийін жазып, продюссерлікпен айналысқан. 2003-2004 жылдар аралығында «Каунтерпарт Интернэшл» халықаралық ұйымда PR-кеңесші болса, бір жағынан азаматтық қоғамды дамыту жөнінде Бағдарламаны жүргізген. 2004-2006 жылдар аралығында «Каунтерпарт Интернэшл» азаматтардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау және қолдау бойынша Бағдарламаның жетекшісі болды. 2006 жылы Каунтерпарт Интернэшл бағдарламасының аясында тренингтер жүргізіп, Ауғанстанның ҮЕҰ-на кеңесші болып қызмет етті. Сонымен қатар Орталық-Азия аймақтық экологиялық орталықта суға қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша жобаның Менеджері қызметтік лауазымында болады. 2006 жылдың соңына қарай Дана Жеңісқызы Ержан Тәтішев Қорында бағдарламалар менеджерінен бастап, 2007 жылдың шілдесіне қарай Бағдарламалық директорға көтеріледі. 2011 жылдың қазан айынан бастап Қордың Президенті болып қызмет атқарады.

Дана Жеңісқызы құқықтар мен қызығушылықтарды қорғау, ұйымдастырушылық дамыту саласында бағдарламалар мен жобаларға мониторинг және бағалау жүргізу саласында білікті сарапшы. Жобаларды әзірлеу, жүзеге асыру және басқару халықаралық дамыту саласында он бес жылдық тәжірбиесі бар. Тренингтерді әзірлеу және өткізуде білікті тренер, зерттеу жұмыстарында тәжірбиесі мол.

 

АЙТМАҒАМБЕТОВ МАРАТ ТЕМІРҒАЛИҰЛЫ

«Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ-ның Президенті

1961 жылдың 12 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Н.И. Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу Мемлекеттік медицина институтын және аспирантурасын «Медициналық биофизика» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты. Аспирантураны бітіргеннен кейін ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау Ғылыми-Зерттеу Орталығының биохимия зертханасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1995 жылдан бастап «Каунтерпарт Интернешнл» халықаралық ұйымындағы мемлекеттік емес ұйымдарды дамыту бойынша кеңесші қызметінде жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан бойынша «Каунтерпарт Интернешнл» ұйымының директоры болып жұмыс істеді, содан кейін осы ұйымның шақыруы бойынша Ауғаныстанда тренингтер және ұйымдастырушылық даму жөніндегі директор қызметінде жұмыс істеді. 2006 жылдың қазанынан бастап және осы уақытқа дейін – «Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ-ның Президенті.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!