Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2016

“Кәсібіңді таңда!” бағдарламасының 2016 жылғы жеңімпаздары

ИМАНҒАЛИ МАЛИКА

Малика Алматы қаласындағы сөйлеу қабілеті нашар №9 арнайы түзету мектеп-интернатын бітірді. Үйдің кенжесі бола тұрса да, оны тым еркелетіп өсірген бала деуге болмайды. Малика өз құрбыларынан мақсатына беріктігімен, салмақтылығымен және жаңа білімге ұмтылысымен ерекшеленеді. Оқу кезінде ол көптеген іс-шараларға ат салысып, шығармашылық сайыстарда өз мектебінің намысын қорғады. Маликаның мықты жақтары: есте сақтау мен логикалық сараптау қабілеті, достарының арасындағы беделі мен ұжымда жұмыс істеу қабілеті. Ол өз қабілетіне дұрыс баға бере отырып, бір маман иесі болу керек екендігін түсінеді. Малика шығармашылыққа да көңіл бөлмей қоймайды: оған бос уақытында сурет салып, домбыра ойнау, “Девятая планета” би тобының құрамында өнер көрсетіп, дәмді ас әзірлеген ұнайды. Ас әзірлеуді жай ғана қызығушылық деп көрмей, оны болашақ мамандығы деп қарастырып отыр. Оқуын бітіргеннен кейін Малика тәттілерді дайындайтын мини-цех ашуды армандайды. Қазірдің өзінде ол тәтті тағамдар пісіріп, оларды жалықпастан әшекейлеп, үй ішін қуантып отыр.

 

ТЕРЕХОВА МАРИЯ

Мария Алматы қаласында туды, ол Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №9 арнайы мектеп-интернатын бітірді. Мария мектебі мен отбасының мақтанышы десе артық болмайды. Ол оқуда жақсы нәтижеге жетуге әрдайым тырысатын үлгілі шәкірт, сурет салуды, түрлі бұйымдарды жасағанды және билегенді ұнатады. Жақын араласатын жора-жолдастары оны мейірімді, орынды қалжыңдай білетін өмірсүйгіш, қол ұшын созуға дайын тұратын адал дос ретінде таниды. Денсаулығын жақсарту үшін әкесінің баулытқан құзға шығу шеберлігі ең басында жай ғана қызығушылық еді. Кейін келе Мария бұл спорт түрімен кәсіби деңгейде айналысып кетті. Бүгінгі таңда Мария құзға өрмелеу бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі, құзға өрмелеу бойынша спорт шеберлігіне үміткер болып отыр. Ол түрлі спорттық тәртіптер бойынша 16 диплом иегері, Италия, Малайзия, Индонезия, Австрия, Норвегия елдерінде өткен жарыстарда Қазақстан намысын қорғады. Спорт оның төзімділігін, шыдамдылығын, жеңіске деген ұмтылысын күшейтіп, мінезін шыңдады. Алдағы өмірде Мария өзінің таңдап отырған мамандығын мейлінше жақсы меңгеріп, ақшақардай аппақ тіс сала білетін дәрігер болғысы келеді.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!