6-шы халықаралық студенттік конференция, Түркия, Измир қ.
2010 жылдың 14 сәуірінде Қордың стипендиаты Михальченко Ирина Турцияда, Измир қаласында 6-шы халықаралық студенттік конференцияға қатысты
Кез келгеніміз, Қордың стипендиаттары өз заманының көшбасшысы болып, өз ісінің майталманы болуға тырысып бағады. Ол білімдерін үнемі жетілдірумен қажетсінеді.
Ержан Тәтішев Қоры ең үздік жоғары оқу орнында менің білім нәрін сусындауға үлкен мүмкіндіктер берсе, ал университет – бұл болашаққа көз жүгірту болып табылады. Менің ЖОО-м шыныменде болашаққа сенім артып, үлкен үміттермен мені ұялата білді. UIB-де студенттер инициативасын қолдау тауып, студенттік жобаларды жүзеге асырылуға үлкен мүмкіндіктер беріледі.
Бірінші курстың студенттері бола отырып, біз ортақтас-белсенді топтар «UIB Қаржылар Клубы» ғылыми-зерттеу клубын ұйымдастыруды шештік. Клубтың негізгі бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған. Біз материалдарды қосымша зерттеп, ғылыми жұмыстар жазамыз, Олимпиада, конференция, дөңгелек үстелдерге қатымасыз. Сонымен қатар, Қазақстанда және шетелде болып жатқан ғылыми конференцияларды жібермейміз.
2010 жылдың 14 сәуірінде Измир Экономика Университетінде (Izmir University of Economics), Турцияның Измир қаласында 6-шы халықаралық студенттің конференция өткізілді, бұл жиынға әлемнің түкпірінен келген студенттер мен жас ғалымдар қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты әлем бойынша әлеуметтік ғылым слаасын дамытуға студенттердің идеяларымен мен тәжірбиелерін алмастыру еді.
Конференцияға қатысушылар бірнеше іріктеу турларынан өтті. Әлем бойынша 200-ден аса жұмыстар қарастырылды. Оның тек 60-ы ғана конференцияға қатысуға шақырылды. Конференцияның жұмысы бірнеше секциялар бойынша жүргізілді: мемлекеттік құрылым және КСРО құлағаннан кейінгі демократизация, халықаралық сауда, маркетинг-менеджмент, логистикалық менеджмент, экономика және қаржы. Конференция аясында кез келген қатысушы өз жұмыстарын қорғап, басқа мемлекеттен келген қатысушылардың жобаларымен танысып, сол саладабілімдерін жетілдіріп, өте қызықты адамдармен танысуға мүмкіндіктер болды.
Келесі күні конференцияға қатысушыларға ежелгі Эфес қаласына ұйымдастырылған саяхатты тамашалады. Бұл күнді ешкім ұмытпас. Бұл жерден ежелгі елдердің тарихы, ежелгі храм, зәулім үйлердің, Цельмиус, Поленемус және амфитеатрлардың тарихынашолу жасалынған мәліметтерге қанық болды. Жақсы сезімге бөлініп, әдемі суреттерге толған бұл саяхат көтеріңкі көңіл, жақсы достар табумен де ерекшеленді.
Бұл конференцияға қатыса отырып, мен баға жетпес тәжірбиеге қол жеткіздім. Мен ғылыми жұмыспен айналысу пайдалы екенін, сонымен қатар қызықты та, тартымды екеніндігін түсіндім, соңында ғылыми жетістіктерден басқа, бағаланбас тәжірбиелер, көтеріңкі көңіл күй, әлемде достар табуға қол жеткізетін үлкен мүмкіндік екеніне сендім!
http://iibf.ieu.edu.tr/stuconference/?p=1
Ирина Михальченко
Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты
UIB студенті
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!