Грантқа түсу үшін Наурыз көженің дәмін тат
Төл мерекеге орай Қор білімгерлері грантқа қол жеткізуге көмектесетін Наурыз көже дайындады. Дайындар алдында мыналарды әзірлеп қойған абзал:
1) Оқу үлгірімі. Алған бағаларың оқуға деген қабілетті екеніңді және оған жауапкершілкпен қарайтыныңды көрсетеді!
2) Белсенділік. Түрлі жобалар мен еріктілік және басқа да іс-шараларға қатынасуың сенің жауапта азамат екеніңнің дәлелі болады!
3) Марапаттар. Қосымша курстарға барып, сайыстарға қатысып, сертификат пен мақтауларың сенің жан-жақты дамуға көңіл бөлетініңді растайды!
4) Ұсыныстар. Сенің грантқа лайық екеніңді растайтын оқытушылардан ұсыныс хаттарын дайындап алған жөн!
5) Ынталану хаты. Ынталану хаты мансап пен мақсаттарыңды және сенің өзгешелігің мен бірегейлігіңді қысқа да нұсқа сипаттауы керек!
6) Өзіңді айқындай білу. Қазылар сен жайлы қандай әсерде болатынына сенің сұхбат я 2-айналым кезінде өз-өзіңді көрсете білгеніңе тікелей байланысты!
7) Көшбасшылық. Көшбасшылық қабілетің, қатар алды болып, басқаларды жігерлендіруің ерекше бағалы!
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!