Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішевті еске алу күні 2017

24.04.2017

“Өмірінің әрбір сәтін терең мазмұнмен толтыра алатын адам өз өмірін шексіз ұзартады»

Изольда Курц

2017 жылдың 22 сәуірінде Ю. А. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейіндеЕржанТәтішевтің 50 жылдығына арналған еске алу күні өтті. Мектеп Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында орналасқан. Ержан Тәтішевтің  Alma mater оны салмақты,  мұқият, білімге құштарлы оқушы ретінде есте сақтайды. Жыл сайын осы мектеп оқушылары арасында спорттық жарыстар, зияткерлік және шығармашылық конкурстар өткізіледі.

Жоғары сынып оқушылары дәстүр бойынша Ержан Нұрелдаемовичтің сүйікті спорттық ойын түрі, волейболдан турнир өткізді. Бірнеше күн бойы балалар Ержан Тәтішев кубогы үшін күресті. 3 жүлделі орын 10 “А” сынып (1-орын), 11 “А” және 11 “Б” сынып (2-орын) және 9 “А”, “Б” және “В” сынып (3-орын) құрама командаларына  бұйырды. Шахмат турнирінде  жоғарғы және төменгі сынып оқушылары бақ сынасты. Турнирдің ең жас қатысушысы, 3 “б” сынып оқушысы Аятов Қанағат 3-орынды, 2-орынды оның қарсыласы, 11 “А” сынып оқушысы Цой Дмитрий иеленді, ал осы интеллектуалды спорт түрінен жеңімпаз 10 “А” сынып оқушысы Юнал Алишан атанды.

Мектеп оқушылары арасында “жербетінде адам болу”т ақырыбында Үздік эссе сайысы өтті. Өз эссесінде балалар Мәңгілік адами құндылықтар туралы ой-пікірлерімен бөлісті: парасаттылық, жанашырлық. Ал бірінші орынға 10 “А” сыныпо қушысы Мамеков Шахрух ие болды. Өзінің эссесінде Шахрух әкесі туралы жазады, ол үшін ол адамгершілік үлгісі болып табылады, ол өз өмірінің көп бөлігін операциялық үстел алдында өткізеді, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалған. Екінші және үшінші орынға  9 “А” сынып оқушысы Ен Либертина, және 11 “Б” сынып оқушысы Леонтьева Елизавета  ие болды.  10 “А” сынып оқушылары Абдрахманов Линар, Морозов Максим, Абдуллаева Дильноза “Ұлы даланың ұлы” атты презентациялар байқауының жеңімпаздары атанды. “Ал мен жай ғана өмір сүремін…” мәнерлеп оқу сайысы барлық поэзияны сүйетіндерді жинады. Бәкір Тәжібаев, Сергей Есениннің, Редьярда Киплинга, Роби, Марина Цветаеваның, Евгений Евтушенко, Владимир Высоцкийдің өлеңдері оқылды. Жеңімпаз атанған 9-сынып оқушылары: Алексеев Олег, Азбаева Диляфруз және Ғаязов Рамис.

Сонымен қатар, оқушылар “Интеллектуалды казино”викторинасында өз ой-өрісін және интеллектуалды білімдерін көрсетті. “Достар” және “Жеңіс үшін жаралғандар” командалары логикалық тапсырмаларды шешіп, білімнің түрлі салаларынан сұрақтарға жауап берді. Балалар викторина қонақтарын музыкалық және би нөмірлерімен қуантты. Мерекелік іс-шара барлық жарыстардың жеңімпаздарына мақтау қағаздарын  табыстаумен аяқталды. Қор материалдық-техникалық базаны жақсартуға көмектесіп, мектепке қолдау көрсетуге тырысады. Биылғы жылы мектеп мәжіліс залына жалюзи сыйға тартылды.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!