2016
Маңызды ақпарат! Ержан Тәтішев Қорының қарды-экономика саласында бакалавр дәрежесін алуға арналған бағдарлама бойынша байқау өткізілмейді. Енді сізде “БесТірек” бағдарламасы бойынша грант ұтуға мүмкіндігіңіз бар.
Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2016 жылғы жеңімпаздары
АМАНТАЕВ ҚАЙНАР
Қайнар – Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы “Көксайек” балалар үйінің түлегі. Ол Кентаудағы Арнайы кәсіби колледжінің Бухгалтерлік есеп мамандығын тәмамдады. Тірек-қимылымен байланысты шектеулерге қарамастан, ол әркез білімге ұмтылып, өз курстастарынан еш қалыспауға тырысады. Қайсар өте мейірбан, инабатты да білімге құштар бала, оқыған теория мен тәжірибелік жұмысты ұштастырып, білген-көргенін талдауға бар. Бір іске деген беріктігі, тыңғылықтығы және ұқыптылығы оның бойындағы жағымды жақтарын аша түсіп, құрбыларынан қалыспауға демеу болып отырады. Қайсардың қызығушылықтарына келетін болсақ, ән айтып, Тоғыз құмалақ ойнағанды ұнатады. Байқауға тапсырған шығармасында Қайсар өз арман-қиялдары жайында көп бөліседі, ол таңдаған мамандығының бар қыр-сырын меңгеріп, білікті маман болуға бет бұрды.
АХМЕТЖАНОВ АБЗАЛ
Абзал – Ақтөбе қаласының №9 мектеп-гимназиясының түлегі. Жанындағы адамдар оны жақсы тәрбие көрген, ой-өрісі қалыптасқан тоғыз қырлы бір сырлы жігіт деп біледі. Абзал компьютерлік технологияларды жақсы меңгерген, елмен шығысып, небір іске үйіре білетін, шығармашылыққа қабілеті бар бала. Абзал үш ұрпақ өкілдерін бір шаңыраққа сыйғызып отырған отбасында ата-әженің мейіріміне бөленіп, ата-ананың тәрбиесін көріп өсті. Оның көптеген қызығушылықтарының ішінде халық және заманауи би өнері, сәндік киім үлгілерін көрсету өнері де бар. Абзалдың бұндай қызығушылықтары оны ел алдында қысылмай, сахнада қозғалудың қыр-сырын үйретіп келеді. Ол келешекте өз бизнесін қалап, ресторан немесе қонақ үй ісіне жол салуды арман етеді.
ЕСЕТОВА КАМИЛА
Камила Қостанай қаласының тұрғыны. Ол FLEX бағдарламасының іріктеуінен өтіп, АҚШ-тың Монтана штатындағы Анаконда жоғарғы мектебін, ал туған жерінде Қостанайдағы физика-математика лицейін бітіріп отыр. Камила өте еңбекқор адам, ол өз күшіне деген сенімділігі мен қолдағы күшті тиімді пайдалана білуінің арқасында қойған мақсатына асықпай адымдап жетіп отырады. Мамандық таңдар алдында да аптықпай, бәрін таразылап барып шешім қабылдады. Қазірдің өзінде ол болашақ күннің экономисті қалай ойланып, қандай қабілетке ие болуы шарт екендігі жайлы көп ойланады. Камила – өмірсүйгіш, оңды ойды құптайтын жан, өмірге деген құштарлығымен жан-жағындағы адамдарды баурап алады. Ол есте сақтау қабілетін жаттықтыру мен ойды сараптауға көп көңіл бөледі, ал бос уақытын би мен жүзуге жұмсайды, фортепианода ойнау шеберлігін жаттықтырып, фото түсіреді және өз бетінше испан тілін меңгеріп жүр. Камила әрдайым анасының үмітін ақтап, інісіне үлгі болуға тырысады.
ҚАРАЕВА АЙСҰЛУ
Айсұлу Павлодар қаласында туып өсті, орта білімі жайындағы куәлігін Павлодар қаласының №7 Арнайы кәсіби бейімдеу мектебінде алды. Оның отбасында жеті жан, ал баланың тұңғышы – Айсұлу. Актерлік шеберлік тек әртіс мамандығына тән қабілет деумен келіспейді, оның ойынша бүгінгі күннің талабына сай келем дейтін әрбір адамға керекті қабілет деп сенеді. Айсұлу “Арлекино” деген театр өнерінің студиясында тәлім алып отыр, дипломатиядағы шеберлігін арттырып, мектептегі медиация орталығына басшылық етті, жалпы кітап оқығанды сүйеді, соның ішінде тарих тақырыбындағы шығармаларды ұнатады. Айсұлу өз анасын әрқашан жол сілтеп, ақыл айтатын жан досым, ақылшым деп біледі. Жан дүниесіне арқау болған әкесінен айрылған шағында Айсұлу өзінің есейгендігін және отбасына арқау болу керектігін сезінді. Айсұлумен араласып жүрген адамдар оны белсенді де салмақты, еңбекқор да жайдары жан деп таниды. Ол арманындағы жарқын болашағында өз бизнесінің қабырасын қалап, дизайнерлік сәнді киім үлгілерін сататын дүкендер желісін ашпақ ойы бар. Қазірден бастап ол қаржы айналдырудың егжей-тегжейін меңгеруге бет бұрып, сату өнері мен табысты өсіру тақырыбындағы түрлі тренингтер мен семинарларға қатынасып жүр.
ОҢЛАСЫН ДИАНА
Диана еліміздің оңтүстік астанасында туып, М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейден тәлім алды. Оқу озаты бола тұра, ол білім бағдарламасынан тыс қосымша материалдарды өз бетімен оқып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Оқудан тыс уақытта оның қызығушылықтары ұлттық би мен зымыран жасаумен ұштасады. Диана Халықаралық Астроғарыштық мектеп сабақтарына қатынасып, зымыран жасау бойынша жарыстарға ат салысты. Оқытушылардың айтуынша Диана – мақсатына берік, жауапкершілігі мол, еңбекқор әрі ынталы бойжеткен. Оның қандай іспен айналысса да, сол іске жан-жағындағы адамдарды баурап алатын қабілеті бар. Әкесінен айырылған соң оған демеу болған әпкесінен үлгі-өнеге алады.
ТОХТАХМЕТОВА МАДИНА
Мадина – Қазақ-түрік колледжінің Қаржы мамандығы бойынша дипломға ие болды. Ол оқуда үздік нәтижелері үшін “Бөбек” лагеріне жолдама алып, Колледждің мадақтауына ие болған аз студенттердің бірі. Оқу озаты болған ол, Колледждің еріктілік жобаларына ат салысып, “Жасыл қала”, “Time Management” клубтарының белсенді мүшесі болып көзге түсті. Оқудан өзге уақытта ол волейбол мен Тоғыз құмалақ ойындарын қызыға ойнайды және ағылшын тілін барынша жақсы меңгеруге күш салады. Бақталастыққа түсіп, елден қалыспауды дағдыға айналдыра келе, ол құрбыларының ішінен топ жарған қатаралды атануға серпіліс алады, алайда сырттай өзіне сын көзбен қарауы оның шамданып кеткен шағында менмендігін басады. Тәлім берген оқытушылар оның бастаған іске үлкен жауапкершілікпен қарайтынын және үлкенді сыйлап, кішіні демеп, қиналған кезде жүкті мойнына алатынын ерекше атап көрсетеді. Мадина – анасының үміт артқан жалғыз баласы, сондықтан да анасының ақ сүтін ақтауға әркез ұмтылады.
ТҰЯҚ МАДИНА
Мадина Қазақстанның жас астанасымен туып өсті. Ол 2015 жылы Астана қаласындағы НИШ түлегі атанды. Мадина ұйытқысы бұзылмаған тату отбасында тәрбие көрді. Баланың үлкені болғасын, ол жақын жандарына қамқор болуға – анасының үмітін ақтап, кіші інісіне үлгі болуға ұмтылады. Мектепте оқып жүрген шағында Мадина ұқыпты, жауапкершілігі мол өнегелі оқушы болуға талпынатын. Оның “Оригами мен математика” атты ғылыми жобасы математика пәнінен өткен жарыстың жеңімпазы атанып, ғылыми конференцияға қатысу үшін Швецияға аттануға грантқа ие болғаны – оның елеулі жетістіктерінің бірі деп айтуға болады. Конференция қатысушылары логикалық тапсырмаларды шешуде ежелгі жапондық өнерді қолдану идеясынан әсер алды, нәтижесінде бір неміс баспасы жобаны кеңейтіп, кітап түрінде шығаруды ұсынды. Мектепті тәмамдаған кезде Мадина швейцариялық университеттің білім гранттарының іріктеуінен өтіп, жеңімпаз атанды, алайда отбасының қаржылық жағдайына байланысты гранттан бас тартуға мәжбүр болды. Мадина – белсенді жас буын өкілі, ол аз сөйлеп, көп еңбектенгенді құптайды. Бір жыл уақытты босқа өткізбей, өз ісін ашуға бел буды. Ағылшын тілін жетік білуі оны тілдерді меңгеру орталығын ашуға ой салды. Осылайша ағылшын және қытай тілін оқытатын “Bright Lingua” атты орталық жарық көрді. Оны ашпас бұрын Мадина бизнес-план құрып, маркетингтік зерттеу жүргізді және серіктестік құрып, мұғалімдерді іске тартты. Орталықты ашқалы ол өз ісін жүргізуді үйренді, ал бұл алдына қойған мақсаттарына мүдірмей жетуіне құлшыныс береді.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!