Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Даниил Литош: «Шотландияда семестр қалай өтті»

08.02.2023

«Мен Ержан Тәтішев Қорының КИМЭП Университетінде оқуға алған гранты арқасында 2022 жылдың күзгі семестрін Шотландиядағы Глазго университетінде өткізуге ерекше мүмкіндік алдым. Бұл мен үшін түрлі тұстардан ұмытылмас тәжірибе болды.

Біріншіден, оқыту сапасы жоғары деңгейде болды. Атап айтқанда, студенттердің семестрде меңгеруі тиіс білім көлеміне қойылатын талаптар өте жоғары. Дегенмен, мені кітапханадағы академиялық дереккөздердің алуан түрлілігі таң қалдырады. Жетекші электронды деректер базасына жазылу және әртүрлі саладағы жетекші сарапшылардың әртүрлі басылымдарының бар болуы беделді зерттеу материалдарын табуды жеңілдетеді. Профессорлар халықаралық студенттерге үлкен зейінмен қарайды және электрондық пошта мен кеңсе чаттары арқылы байланыс орнатуға күш салады. Олардың ашықтығы мен көмектесуге дайын болуы оқу үдерісіне оң әсер тигізеді.

Сондай-ақ студенттердің қала мен университет өміріне қалай қатысатынына назар аударғым келеді. Студенттік Үкімет студенттер атынан келіп түскен өтініштерді үнемі қабылдайды және факультет декандар, проректор және профессорлар сияқты университет басшылығына жіберіп отырады. Студенттік бірлестіктер саны 500-ден астам. Студент ұйымдардың кез-келгенінде қоғамдық пайдалы істердің қалаған кез-келгенімен айналыса алады.

Greenpeace – әлемдегі қоршаған ортаны қорғау үшін күресетін экологиялық ұйымдардың қатарындаі. Amnesty – International әлемдегі адам құқығын сақтауды қолдайтын ұйымдардың бірі. “Гласгоу Гардиан” газеті – университеттің және бүкіл әлемнің өміріндегі ең маңызды жаңалықтарды жариялайтын ақпараттың құралдардың бірі болады.

Қорытындылай келе, алынған тәжірибе менің академиялық мансабыма және жеке өміріме оң әсер еткенін атап өткім келеді. Жаңа білім, жаңа таныстар, шабыт – өмір бойы жадымда қалатын нәрселер және болашақта жаңа жетістіктерге шабыттандырады деп ойлаймын».

Даниил Литош
Қордың 2020 жылғы арнайы грант иегері

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!