“БесТірек” гранттарына 2025 жыл байқауы
Ержан Тәтішев Қоры «БесТірек» білім гранттары Бағдарламасы байқауын ашық деп жариялайды. Бағдарлама талапты әрі мансабы жоғары жастарға кәсіпкерлік саласында жоғары білім алуға бірден бідр мүмкіндік береді!
Бағдарлама артықшылықтары:
– AlmaU-да «Кәсіпкерлік саласындағы бизнес-басқару» мамандығында оқу шығындары толықтай өтеледі
– Ай сайын шәкіртақы төленеді (емтихан нәтижелеріне байланысты)
– Қосымша дәріс немесе тағылымдамадан өтуге мүмкіндік бар
– Жеке стартапты бастауға грант ұту мүмкіндігі (жеке қарастырылады)
Байқауға кім қатыса алады?
Қазақстан азаматтары
Жоғары оқу орнына алғанш рет түсіп отырған мектеп, колледж және балалар үйі түлектері
ҰБТ (математика + география) кем дегенде 80 ұпай
Көшбасшылық, іскерлік қабілет, жақсы оқу үлгірім
Байқау 3 іріктеу кезеңіне бөлінген:
1) Жетістіктер, ішкі ынта мен көшбасшылық қабілетті бағалау
2) Қаржылық жағдайды бағалау
3) Интерактивті бизнес-ойынға қатысу
Өтінімдер 3 наурыз – 30 сәуір 2025 ж. аралығында қабылданады.
Грант ұтып, арманыңа қол жеткізуге асық!
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!