Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішев атындағы шәкіртақы бағдарламасы бойынша 2025 жыл байқауы, Кентау қаласы

06.10.2025

Ержан Тәтішев атындағы шәкірақы бағдарламасы 2008 жылдан бастап Түркістан облысы, Кентау қаласындағы Ю.А. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінде жүзеге асырылып келеді. Бұл мектепте Ержан Татишевтің өзі білім алған еді. Қор мектептің үздік оқушыларын Ержан Тәтішев атындағы шәкіртақысымен қолдайды. Бағдарлама аясындағы шәкіртақылар жыл сайын байқау негізінде тағайындалады, ал жеңімпаздар бір оқу жылы ішінде аталмыш шәкіртақы алады. Байқауға 8, 9, 10 және 11-сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушылардың үлгерімі 4,5 ұпайдан жоғары болуы тиіс, пәндік, шығармашылық және спорттық жарыстарда жетістіктері болуы, сондай-ақ мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласуы шарт.

2025 жылғы байқауға 40 оқушы қатысты, олардың ішінде 27 қыз және 13 ұл бала болды. Жоғары белсенділік 8-сынып оқушылары танытты – 16 оқушы құжат тапсырды, 10-сыныптан – 14 оқушы, ал 9-сыныптан – 10 оқушы қатынасты. 40 өтінімнің ішінен 10-ы үлгерім талаптарына сәйкес келмегендіктен, қарастырылған жоқ. Байқауға қатысушылар соңғы оқу жылының табельдерін, грамота, сертификат немесе дипломмен расталған 5 жетістіктерін және эсселерін тапсырды. Эсседе олар өздері туралы, жоспарлары мен армандары жайлы айтып, мектеп пен қала үшін қандай үлес қосқанын баяндады. Сонымен қатар, Қор жыл сайын мектептің материалдық-техникалық негізін жақсартуға демеушілік көмек көрсетіп отыр. 2025 жылы жұмыс мақсатында пайдаланылатын ноутбук сатылып алынды.

2025 жылғы байқау жеңімпаздары:

Абдрашитова Мира – 9 “В” сынып
Джамалова Нигина – 8 “А” сынып
Есмакова Аруна – 10 “А” сынып
Исмаилова Элиф – 10 “А” сынып
Каримжанова Муниса – 10 “А” сынып
Полат Назима – 8 “Г” сынып
Усенов Амин – 9 “А” сынып
Хайруллаев Бехрол – 9 “А” сынып

Байқаудың барлық қатысушыларына белсенділік пен дамуға деген ұмтылысы үшін алғысымызды білдіреміз! Бұдан арғы уақытта да балалар одан да биік белестерді бағындырады деп сенеміз!

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!