Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішев Қорының Қамқоршылық кеңесі

ТӘТІШЕВ ЕРКІН НҰРІЛДӘЙІМҰЛЫ

Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы

1976 жылдың 22-ші қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1999 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп, экономист квалификациясын алған. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын аяқтаған. 2009-2010 жылдары Оксфорд университеті Сан Антонио Колледжінің қауымдастырылған мүшесі болды. Еңбек жолын 1994 жылы «Славинвестбанк» ЖШҚ-да маман ретінде бастаған, 1996 жылы «Славинвестбанк» ЖШҚ –ның Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1997 жылдан бастап 1998 жылға дейін «Астана-Холдинг» АҚ-да инвестициялық департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Ал 1998 жылы «Қостанай минералдары» АҚ-ның президенті болып сайланып, ол жерде 2002 жылға дейін жұмыс істеді. Сайлаудан кейін 2002 жылдан бастап 2004 жылға дейін «Қостанай минералдары» АҚ-ның және «Орынбор минералдары» ААҚ-ның директорлар Кеңесінің Төрағасы болып қызмет етті. 2004 жылдың 22-ші желтоқсанынан бастап «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып жұмыс істеді. 2006 жылдың 20-шы желтоқсанынан 2009 жылға дейін «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі болды, кейіннен «Sekerbank T.A.S» Директорлар Кеңесі Төрағасының орынбасары болған. 2010 жылдың қаңтарынан бастап – «Kusto Management Limited” Директорлар Кеңесінің төрағасы болып қызмет етіп келеді.

 

ТӘТІШЕВ ЕРЛАН НҰРІЛДӘЙІМҰЛЫ

Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі

1965 жылдың 29-шы мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991 жылы «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін «Астана -Холдинг» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметінде жұмыс істеді. 1994 жылдан бастап «Казкоммерцбанк» ААҚ-да Жинақ Басқармасының бастығы болып қызмет жасады, 1996 жылы – филиалдарды дамыту және басқару Департаментінің директоры, 1997 жылы – банк құрылымын стратегиялық дамыту Департаментінің директоры болып еңбек етті. 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Темірбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында болды. 2005 жылдың сәуір және маусым аралығында «ТұранӘлем Банкі» АҚ Төрағасының Кеңесшісі, содан 2005 жылдың маусымынан бастап 2010 жылға дейін «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі болды. 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Aibn Asset Managment» АҚ Директорлор Кеңесінің тәуелсіз мүшесі.

 

ДОМБАЙ ҚУАТ ЕСІМҒАЛИҰЛЫ

Қамқоршылық Кеңесінің сарапшы мүшесі

1972 жылдың 16-шы мамырында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Әлемдік тілдер Институтын (1989-94), содан кейін Менеджмент бойынша Лондон Институтын (2003-2005) тәмамдаған. Мадридтік корольдық дипломатиялық мектептің түлегі (1996-97). ҚР ІІМ-нің дипломатиялық қызметінде жеті жылдық жұмыс тәжірбиесі бар, Оңтүстік Корея, Үндістан және Ұлыбритания елдеріндегі ҚР-ның елшіліктерінде қызмет жасады. 2001 және 2008 жылдар аралығында ең беделді ұялы байланыс операторы GSM Kazakhstan/K Cell-де, сондай-ақ Қазақстандағы ең ірі үшінші болып табылатын «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг B.V.» халықаралық мұнай-газ жобасының корпоративті коммуникация және басқарушы PR-де қызмет жасады. 2008 жылдың ақпан айынан бастап «Шахар» ТРК-н басқарды. 2010 жылдан бері «HSBS Қазақстан банкінде» қызмет етеді. PR және ұйымдастырылған менеджмент бойынша бірқатар мақалалардың авторы, бірқатар ЖОО-ның студенттеріне дәрістер оқиды.

 

ӘУЕЗОВ МҰРАТ МҰХТАРҰЛЫ

Қамқоршылық Кеңесінің құрметті мүшесі

1943 жылдың 1-ші қаңтарында Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. 2007 жылдан бастап «Мұхтар Әуезов Қоры» Қоғамдық Қорының Президенті. Бұдан бұрын ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, «Сорос—Қазақстан» қорының президенті, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы болды, Қазақстан Жазушылар одағының көркем аудармалар және әдеби байланыстар жөніндегі коллегиясын басқарды, Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері болды. 1990 жылы Әуезов ҚазССР-і Жоғарғы кеңесінің халықтық депутатына сайланып, онда Парламентаралық байланыстар жөніндегі комитетті басқарды. 1992 жылы желтоқсанда тәуелсіз Қазақстанның бірінші елшілерінің қатарында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі болып сайланды, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі деген дипломатиялық ранг иесі. М.М.Әуезов «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Қоғамдық кеңесінің құрамына енеді, осы бағдарламаның «Мәдениеттану» секциясының төрағасы, шығармашылық Жазушылар мен кинематографистер одақтарының мүшесі, Қазақстанның Пен-клубының мүшесі болып табылады. 2003—2004жж. «Қазақстан» мемлекеттік телеарнасындағы «Времен связующая нить» бағдарламалар циклінің авторы әрі жүргізушісі болды, екі монография, «Уйти, чтобы вернуться» эссесін басып шығарды. Қазақстанның дамуындағы айрықша еңбегі үшін М.М.Әуезовке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер» атағы беріледі. «Невада-Семей» халықаралық ядролық қозғалысының белсенді мүшесі, Семей ядролық полигонның жабылғанына 15 жыл толуына орай «Құрмет» орденімен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының рухани және интеллектуалды әлеуетінің дамуы мен артуына үлкен қосқаны үшін Мұрат Әуезов «Парасат» орденімен марапатталды.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!