2017
Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2017 жылғы түлектері
БАЙҒҰТАНОВА АЙДАНА
Айдана Қарағанды қаласында туып өсті. Үйдің үлкені болғасын, Айдана өмірге үлкен талпыныспен қарап, ізін басып келе жатқан сіңілісі мен інісіне үлгі болу үшін кез-келген іске үлкен жауапкершілікпен қарауға тырысады. Бастауыш сыныпты Айдана жай орта мектеп қабырғасында өткізді, ал 4-сыныптан бастап дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектеп-интернатында дәріс алды. Осы мектепке ауысу оның өмір ағымын өзгерткен әрі оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен, өсіп-өрбуіне себеп болып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан мезеті деп есептейді. Осы мектепке ауысумен қатар Айдана оқу үлгірімін жақсартып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарды атқаруға деген құштарлығын аңғартты: мектептің барлық іс-шараларына етене араласып, еріктілік жұмыстарын бастады, мектеп президенті лауазымына ұсынылды, мектептің қаржы министрлігін басқарып, жеті жыл бойы староста болды, және де дебаттық клуб жұмысына белсене араласты. Айдана Кіші Ғылым Академиясы ұйымдастырған 38-ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында оқу-зерттеу жұмысына белсене ат салысты, «Акбота», «Золотое руно», «Кенгуру» атты интеллектуалды жарыстарға қатысты, үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін көптеген алғысқа ие болды. Айдана музыкалық мектепте гитара аспабында ойнай алады және де қосымша фортепиано аспабын меңгерген. Айдананың бас иіп, пір тұтатын тұлғасы деп Маргарет Тэтчерді санайды. Оның жігерлігі, жеке тұлғасының тұтастығы, өз еліне деген шынайы сүйіспеншілігі және отансүйгіштігі – үлгі тұтарлық. Айдана өз бойында ішкі ынта мен жігерлікті, жауапкершілік пен батылдықты шыңдай келе, экономика саласында жоғарғы деңгейлі кәсіби маман болу мақсатына қол жеткізудің бірден-бір жолы, ал Ержан Тәтішев Қорының гранты осы жолды өтудегі бірінші баспалдағы деп есептейді.
ЕНИКЕЕВА АЙСҰЛУ
Айсұлу Тараз қаласында туып өсті, №41 көп салалы гимназияны бітіріп, тоғызыншы сыныптан соң Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің «Менеджмент» мамандығына оқуға түсті. Айсұлу – отбасында жалғыз бала, алайда бұл оның ерке болып өсуіне әсерін тигізген жоқ-ты. Айсұлу беске толар-толмас әкесі қайтыс болған еді, сол кездері анасы жұмыс, үйдің шаруасы мен қызбаланың тәрбиесін қатар алып жүруге күш салды. Бала кезінен-ақ Айсұлу өз басын алып жүре алды, жаны қалап тұрған затты, күші жетпей тұрса дағы, қол жеткізуде көп күш пен жігер жұмсайтын. Мамандықты таңдау – бұл әр адам баласы үшін күрделі шешім, Әр адам үшін өз мақсаттары мен мүмкіндіктерін түсіне білуі оның кәсіпқой маман, өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін шешуші факторы екені сөзсіз. Ойының дәйектілігі, үлкен ынта мен талпынысының арқасында Айсұлу күрделі іріктеуден өтіп, әоі қарай маман ретінде өсіп-өрбуге бет бұрған мамандығы бойынша университетке түсті. Айсұлу елмен тез тіл табыса білетін, ашық мінезді бойжеткен. Ол елге әрқашан қол ұшын тигізуге дайын тұрады, бірақ бұл қасиеті кей кезде шектен тыс шығып кететіні бар. Айсұлу әрқашанда берілген оқу бағдарламасымен шектелмеуге тырысып, өзінің жеке дамуына көңіл бөліп отырады. Ол бала кезінен ілгері қатарда болуға ұмтылып, өзіне әрқашан жоғары талап қойып келеді. Алайда оның бұл қабілеті жөнсіз менменсіздіктен қашық, басқалар небір істің шешілуіне орынды ұсыныс жасаса, айтылған ақылға құлақ түреді, ал дауларды басудың әркез бейбіт жолын іздейді. Айсұлу Сүлейман Демирель Университетінде колледжде алған мамандығы бойынша оқуды жалғастырмақ ойы бар. Монополисттер қатарындағы әйгілі фирмалардың тауарларына бәсекелестік құра алатын, отандық өнімдерді нарыққа шығаратын ірі компанияның тізгінінде болу – Айсұлудың бүгінгі арманы.
МҰСАТАЕВ НҰРЛЫБЕК
Нұрлыбек Алматы қаласындағы №118 мектеп-гимназиясын бітірді. Нұрлыбектің қатарластарынан ерекшеленетіні: алдына қойған мақсатынан бас тартпай, құлшына еңбек етуі, өмірге деген үлкен жауапкершілікпен қарауы мен жаңа білімге құлшынысы. Нұрлыбек өз ата-анасынан бала шағынан адам баласына еркіндік пен сенімділік беретін қазына – білім деп тоқыды, сондықтан да тек көзі ашық, білімді адам ғана кәсіпқой маман ретінде өсетінінде еш күмән жоқ деп сенеді. Нұрлыбек – білімге әуес, бастаған ісін табандылық көрсетіп бітіруге асық адам. Кейде оның табандылығы қырсықтыққа айналып кетуге ықтимал, алайда бұны да Нұрлыбек барынша пайдамен қолдануға тырысады: «Turan Junior-2012» атты мектеп оқушылары арасында өткізілген қалалық ғылыми жобалар байқауында 1-орын, экологиялық ғылыми жобалар қала байқауында 2-дәрежелі диплом, 2012 пен 2013 жж. өткен ағылшын тілі бойынша аудандық олимпиадасында 3-орын, «Кенгуру» мне «Акбота» интеллектуалдық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуы, осының бәрі оның өз кемшіліктерін пайдасына асыра білуінің куәсі болып табылады. Оқудағы жетістіктермен қоса Нұрлыбек жүзу мен музыкамен айналысады. Елмен тез тіл табыса алғандықтан, Нұрлыбек жора-жолдасқа кенде емес. Нұрлыбек кез-келген қиыншылықтан шығаратын жол табуға болады деп сенеді, алайда әр жағдайда адам баласы өз ойына бекем болуы керек деп есептейді. Өзіне жоғары талап қойып, үлкен мақсаттарға жетуге тырысқанмен, Нұрлыбек жеңілісін мойындай біледі, ол болған жағдайды сабырлықпен таразылап, қателіктерін түзеуге тырысады. Бүгінде Нұрлыбек бар күшін шетел тілдерін меңгеруге салып отыр, себебі шет тілдеріе меңгеру оның қоғамға қажетті және белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жол ашады деп сенеді.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!