Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2015

“Кәсібіңді таңда!” бағдарламасының 2015 жылғы жеңімпаздары

ЖҰМАҒҰЛОВА ЖАНЕРКЕ

Жұмағұлова Жанерке Алматы қаласында туып өскен. Жанұясы төрт адамнан тұрады: әжесі, екі ағасы мен өзі. Үш жыл бұрын анасы дүние салғаннан кейін әжесі балаларға қамқор болды. Дәрігерлер гиперкинетикалық экстерамидалдық ДЦП түрін анықтады, Жанерке – Тірек-қозғалысы бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының түлегі. Мектеп қабырғасына келгелі бері майда моншақтардан бұйымдар жасайды, киіз басып, кілем тоқумен айналысады, онымен қоса жүзу, воллейбол, баскетбол мен xор үйірмелеріне қатысқан. Жанерке – еті тірі және қазіргі заманға сай болғысы келгендіктен, бағдарламашы мамандығын игергісі келеді. Мамандықты тандау барысында Жанерке өзінің ерекшеліктерін ескеруі қажет болғандықтан, көп қозғалысты қажет етпейтін сандық теxнология мамандығында дәріс алып, маман болуды шешті. Жанеркенің ойынша бағдарламалауда қолданылатын алгоритмдерден хабары бар адам өмірде қиын жағдайлардан шығаратын тиімді шешім таба алады деп сенеді. Жанерке тандауын Қазақ-түрік колледжіне тоқтатты және де өз ісінің нағыз маманы болу үшін, қаржылық тәуелсіздікке жету мен туыстарына көмектесу үшін жанын салып еңбек етуге даяр екенін көрсетті.

 

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!