Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2011

Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2011 жылғы түлектері

АХМЕТЖАНОВ ЖӘЛЕЛ

Жәлел 17 жаста, ол Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейін Алтын белгімен бітірген. Жәлел өз мектебінің пікірсайыс командасының капитаны болған, пікірсайыстарға ағылшын тілінде қатысқан, сондай-ақ ол түрік тілін жақсы біледі, спортпен шұғылданады, қолданбалы математика бойынша ғылыми жұмыстарды жазады. Жәлел – айқын көрінетін көшбасшылық қасеттер бар адам, ол 2 тур барысында байқауға қатысушылар тобында өте танымал болды. Оның бойында күрделі жағдайларда шешім қабылдаудың үздік машықтары бар. Туындаған жағдайларда жақсы бағдарланады, тыңдай әрі ести біледі, өз жұмысын да, өзгелердің жұмысын да ұйымдастыра алады. 
Жәлел Ержан Тәтішев Қорының Халықаралық Экономика Мектебінде білім алу грантын жеңіп алды.

 

БЕЛХОДЖАЕВ НҰРСҰЛТАН

Нұрсұлтан – өте мақсаткер адам. Ол өз анасына көмектесу үшін жастайынан жұмыс істеген. Нұрсұлтан өзінің еңбек жолын ықшамаудандарда тегін газеттерді таратушыдан бастаған, ал 15 жасынан бастап және осы уақытқа дейін «National Business» журналында жұмыс істейді, ол жерде курьер болып жұмыс бастаған, қазіргі кезде курьерлердің үйлестірушісі болып жұмыс істейді, сондай-ақ мәліметтер базасының әкімшісі жұмысын басқарады. Ол жұмыс істейтін журнал іскерлік болғандықтан, Нұрсұлтанды экономикалық және іскерлік жаңалықтар қызықтырып, талдау материалдарын оқи бастады, нәтижесінде ол өзінің алғашқы мақалаларын жаза бастады. Нұрсұлтан экономикалық білім алуды және өз журналына бизнес-талдаушы болып оралуды армандайды. Нұрсұлтан Ержан Тәтішев Қорының ҚМЭБИ –да білім алу грантының иегері атанды.

 

БУТИНА САБИНА

Сабина Алматы облысының Алмалыбақ кентінде тұрады. Ол мектепті Алтын белгімен бітірді. Оның шешімдерді қабылдауда айқын көрінетін дағдысы бар (проблемалық жағдайларды ақылмен ойластыру), таныстырулардың өте жақсы дағдылары (орындаушылық шеберлік талап етілетін шығармашылық байқаулардағы ең көрнекті сөйлеулері), креативтік қасиеттері, командада жұмыс істеудің жақсы дағдылары бар. Сабина байқауды ұтып алды және Халықаралық Бизнес Университетінде білім алудың Ержан Тәтішев Қоры грантын иеленді.

 

ДАВЛИДОВА АМИНА

Амина мектепті Алматы қаласында Алтын белгімен бітірді. Ол музыкамен, суға жүзумен айналысады, волонтерлік қозғалысқа қатысады. Аминаның сөз сөйлеу, креативті дағдылары жоғары, белсенді, көшбасшылық дағдылары айқын, командалық сезімі жоғары. Амина алға қойылған мақсаттарына әрдайым қол жеткізіп отырады – ол өз алдына мектепті алтын медальмен бітіру мақсатын қойды және өзінің дегеніне жетті. Енді ол өз алдына жоғары білікті маман болу мақсатын қойып отыр және де ол алғашқы қадамын жасап та қойды – КИМЭП-ке түсті және Ержан Тәтішев Қорының білім грантын ұтып алды

 

ЖҮСІПОВ РАШИД

Рашид Қарағанды облысының Теміртау қаласынан. Ол өте белсенді, жұмыс қабілеті жоғары адам, оның көшбасшылық, коммуникативтік қасиеттері айқын байқалған. Рашид бір жыл Гаваяда (АҚШ) тұрды және оқыды, ол онда оқушылар алмасу бойынша FLEX бағдарламасы бойынша байқауды жеңіп алып барған еді. Оның креативті қасиеттері айқын байқалады. Рашид, екінші турға қатысушы балалармен тез достасып кетті, топтың тануымен – қатысушылардың өз рейтингі бойынша (іріктеудің басқа қатысушыларымен оған берілген дауыс саны бойынша) көшбасшылар тобына кірді. Рашид Халықаралық Бизнес Университетінде білім алудың Ержан Тәтішев Қоры грантын алды.

 

ОРУМБАЕВ ИСЛАМБЕК

Исламбек Жезқазған қаласында туып өскен. «Алтын Белгімен» дарынды балаларға арналған Қазақ-Түрік лицей-интернетын аяқтады. Ол бірінші сыныптан бастап өте жақсыға оқығандықтан түрліше олимпиадаларға қатысқан. Өзінің досымен бірге «Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақал-мәтел және жаңылпаштар этимологиясы» тақырында тілдерді жетілдіру мақсатында ғылыми жұмыстары үшін республикалық олимпиадада жүлделі орынға ие болған. Сарапшылардың бағалауы бойынша, екінші турдың үміткерлерін бағалау кезінде Исламбектің бойынан туындаған жағдаяттарды нақты болжау және нақты логикалық шешім қабылдау қабілетін ескерген, сонымен қатар оның командамен бірге жұмыс жасай алу іскерлігін де көзден таса қалған жоқ.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!