2017
Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарламасының 2017 жылғы түлектері
ИБРАЛИНОВ ДАМИРХАН
Дамирхан Алматы қаласының №2 қол-аяғы кеміс балаларға арналған арнайы мектеп-интернатын бітірді. Дамирханның отбасы төрт адамнан тұрады: анасы, бауыры мен қарындасы. Дамирхан әркез білімге құмарлық танытып, небір жаңа нәрселерге қызығушылық танытып келген зерек те ақылды бала. Оқу кезінде Дамирхан әркез мектеп бағдарламасынан тыс қосымша мәліметтерді меңгере, өзінің ойлау қабілеті мен денесін шынықтыруға көңіл бөледі, экономика мен саясатты қызыға зерттейтін. Ол шашка мен шахмат сыңды ауқымды әрі стратегия құра ойлануға итермелейтін интеллектуальдық ойындарды жақсы көреді; дартц пен жүзу бойынша қалалық чемпионаттарында бірнеше мәрте жеңімпаз атанды, мектептің өзін-өзі басқару Комитетінің Президенті болып сайланды. Дамирхан бір жыл бұрын FLEX бағдарламасының жеңімпазы атанып, мектептің соңғы сыныбын Америка Құрама Штаттарында өткізді. Америкада оқу барысында алған дәрістері мен машықтары оны бір сатыға жоғары көтермеледі – бұл бағдарлама басқа елдің тұрмыс-тіршілігі мен салтына жүгініп, өзге тіл ортасына сіңісуге, өз басын өзін алып жүруге үйреніп, жаңа дос табуына мүмкіндік берді. Дамирхан тартысып, дауласуды жаны сүймейтін адам, бірақ алдына қойған мақсатына жету жолында «Ешқашан берілмей, тек ілгері қозғалу» деп ұрандап шешім қабылдауда үлкен табандылық таныта біледі. Бүгінгі күні ол өзінің нақты өмірлік мақсаттарын және табысқа қол жеткізу үшін қандай адым жасау керектігін түсінеді. Дамирхан болашақта өзін дипломат немесе саясаткер ретінде әлемдік деңгейде Қазақстанның өкілеті болуды армандайды. Дамирханның Қазақ-түрік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің «Аударма ісі» мамандығына түскені оның асыл арманына апарар тағы да бір адым деп көруде.
ОРАЗБЕК АЗАМАТ
Азаматтың туып-өскен жері – Қызылорда облысы, Жаңа Қорған ауылы, осыдан бірнеше жыл бұрын отбасы Азаматтың оқып, денсаулығын қалпына келтіруіне мүмкіндік туғызу мақсатымен Алматы қаласына көшіп келді. Азамат бала кезінде ойнап жүріп электротранформаторға өрмелеп шыққанда тоқ ұрып, екі қолынан айрылып қалды. Соған қарамастан, Азамат мектеп қабырғасында жақсы бағамен оқып, жүзумен (2010 ж. мектеп сайысында 1-орынға ие болды) және устел теннисімен айналысты (мүмкіндігі жектеулі жандар арасында 2012 ж. өткізілген республикалық сайыста мақтау қағазын алды), қазақ тілі пәні бойыша сайыстардан жүлделі орындарға ие болды, сонымен қатар мектеп өміріне белсене ат салысқаны үшін грамоталарға ие болды. Ешекімге тәелді болмауға тырысып баққан Азамат дене шынықтыру сабағы мұғалімі мамандығын таңдады.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!