Бұл сапар менің өмірге деген көзқарасымды өзгертті
2013 жылы мен бағым жанып, Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты атандым, ол маған Қазақстандағы нөмірі бірінші оқу орны, Алматы Менеджмент Университетіінде оқуға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мен аталмыш университетте «Қаржы» мамандығының екінші курсында білім алып отырмын.
2014 жылдың қыркүйек айында менің алмасу бағдарламасы бойынша Францияда бір семестрді өткізуге сәтім түсті. Францияның ең үздік бизнес мектептердің бірі – Лиль қаласындағы IESEG School of Management-те дәріс алдым. Менің жалғыз, үйден жырақ, алысқа және ұзақ мерзімге кетуім бірінші рет еді. Алғашқы кездері ата-анам мені төрт ай бойы көре алмайтындарын ұғыну қиынға түсті, ал мені бірнеше ай бойы өз-өзіме қамқор боламын деген ой қинады. Шынымды айтсам мен қатты қиналдым деп айта алмаймын, өйткені сапар барысында жанымда болған он шақты отандастарымның бірі – Қордың 2012-жылғы стипендиаты, Мұхтар Лекеров болды.
Бірінші кезекте Франция мені өзінің білім беру жүйесі мен оқыту әдіс-тәсілдерімен таң қалдырды. Менің түсінгенім – француздар практиктер екен. үшін Әрбір пән бойынша сабақтарымыз түрлі компанияларға жолығып, сараптама мен есеп жазуды талап ететін тәжірибелік жобамен жалғасты. Мұндай жорықтар мен келіссөздер лекцияда өтілген материалды игеруге көмектесті. Францияда оқытушылар топтық жұмыстарға көп көңіл бөледі, сондықтан да мен Франция, Қытай, Индия, Италия елдерінің өкілдерімен топта бірлесіп жұмыс жасауда біраз тәжірибе жинақтадым. Семестрдің соңындағы баға негізінен соңғы емтихан, ортамерзімдік қорытындылары және сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты. Студенттің сабаққа қатынасу көрсеткіштеріне Қазақстандағыдай ешкім аса көп мән бермейді. Презентацияны әзірлеп көрсетуде көп нәрсе үйрендім: аздап мәтін, статистикалық көрсеткіштер мен ауызша түсіндіру басым болды. Одан басқа түрлі мәдениет өкілдерін танып білуге, ортақ тіл табуға көмектесетін, бұрыңғыға қарағанда ой-өрісті анағұрлым кеңейтуге мүмкіндік беретін және ертеңгі күні бизнесті халықаралық деңгейде дамытуда қолдануға болатын түрлі пәндер бойынша дәріс алдым.
Францияда еріктілік жұмысы жақсы үйлестірілген, біз Мұхтар екеуміз елден қалыспай, іс-шараларға қатынасуға барынша тырыстық. Менің айта кеткім келетіні үлкен іс-шараларда ең бірінші Қазақстан туралы айтып өтуге тырыстық. Осылайша біз университеттегі International Gala Night 2014 салтанатына қатынасып, жиналған қауымға Қазақстанды паш еттік. Сонымен қатар мектеп оқушыларына өз отандарының салт-дәстүрі жайында әңгімелеп, ағылшын тілін меңгеруге жәрдемдескен еріктілер қатарына қосылып, әлеуметтік жобаға ат салыстық.
Қорытындылай келе, Қорға болашақта қосылатын жастар мен 2014 жыл стипендиаттарына айтарым – қолдарыңа алмасу бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік түсіп жатса, жіберіп алмаңыздар. Бұл сапар менің өмірлік ұстанымдарымды өзгертіп, ой-өрісімді кеңейтуге мүмкіндік берді. Осы мүмкіндікті берген Ержан Тәтішев Қоры мен Алматы Менеджмент Университетіне айтар алғысым шексіз.
Нұрлыбек Мұсатаев
Ержан Тәтішев Қорының 2013 жылғы стипендиаты
Алматы Менеджмент Университетінің 2-курс студенті
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!