Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Almau.edu.kz

21.09.2018

Астана әкімінің орынбасары мен Ержан Тәтішев Қоры AlmaU-да инновациялық мамандықтар бойынша білім гранттарын табыс етті

2018 жылдың 21 қыркүйек күні Астана қаласы әкімінің және Е. Тәтішев. қорының гранттарын табыстау рәсімі өтті.

Гранттарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Е. Тәтішев қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, AlmaU Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Еркін Тәтішев табыс етті.

AlmaU-де «Кәсіпкерлік саласасындағы бизнес әкімшілендіру» және  «Business Analytics and Big Data» инновациялық мамандықтарына Астана қаласы әкімдігі атынан 48 грант бөлінді. Жаңа мамандықтарды меңгере отырып, студенттер бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде грантты өтеуі тиіс. Бұл Астананың “SMART CITY” және елдің озық кәсіпкерлік қалаларының бірі ретінде дамуын ынталандырады.

“Кәсіпкерлік саласындағы бизнес әкімшілендіру” бағдарламасы кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар, бизнес құруға қабілетті мамандарды даярлауға, өңірде кәсіпкерлік экожүйені дамытуға бағытталған. “Business Analytics and Big Data” бойынша мамандар-бұл бизнес-аналитика және үлкен мәліметтер саласындағы, сондай-ақ бизнес, менеджмент, Экономика, Математика және аралас ғылымдар саласында білімі бар мамандардың жаңа түрі.

Болашақ мамандықтарға бөлінген гранттар туралы AlmaU ректоры Гүлмира Қорғанбаева өз сөзінде:

“2018 жылды қазақстандық білім беру жүйесі үшін ерекше жыл деп атауға болады. Биылғы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы аясында жыл сайын бөлінетін 54 мыңға қосымша 20 мың білім гранты бөлінді. Бұл талапкерлер мен олардың ата-аналарына үлкен мүмкіндік пен қолдау! Біздің қала үшін осындай бастама ерекше маңызды. Биыл 20 жылдығын тойлайтын Астана білім мен ел экономикасына, болашақ мамандықтарға ұзақ мерзімді инвестиция құюға мүмкіндік беретіні қуантады.»

Өз сөзін қорытындылай келе, AlmaU ректоры, Астананың 20 жылдығына орай ерекше сыйлық жасады-Білім алмасы, университет пен қаланың нышаны: “университеттер, ең алдымен, білімді экспорттауы тиіс. Сондықтан сізге бұл Білім Алмасын ұсынуға рұқсат етіңіз! Ол біздің Астананы дамытуға қосқан үлесіміздің символы болсын!”.

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев грант иегерлерін құттықтап, эксперименталды мамандықтардың пайда болуы және осыншама гранттарлың үміткерлер үшін бөлінуін, Астананы Smart City, Ақылды қалаға айналдыру мақсатына жауап беретінін атап өтті.

“Мен бүгін Астана әкімдігінің грантына ие болған балалардың елорданың даму стратегиясын зерделеп, біздің қаламыздың өз дамуындағы бетпе-бет келген мәселелер мен тақырыптарды зерттейдігіне және Астанаға ақылды қала, инновация астанасы болуға көмектесетін қолданбалы сипаттағы инновациялық жобаларды ұсынуға ниетті екенін білемін. Бұл сіздің оқуыңыздың алғашқы күнінен бастап практикалық, басым міндеттерді шешуге бағытталғаныңыз жақсы”, – деді Е. Аманшаев.

Сондай-ақ Астана әкімінің сапары аясында Е. Тәтішев қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Еркін Тәтішев байқаудың алты жеңімпазына “БесТірек” бағдарламасы бойынша гранттарды табыс етті. Еркін Нұрелдаемовичтің сөзі бейнелі және шабыттандырушы болды. Алдымен ол AlmaU Қамқоршылар кеңесінің мүшесі ретінде бұрынғыша және қазіргі елорда әкімі білім беруге қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді, содан кейін қордың қызметі туралы айтты, ол өзінің қызмет еткен уақытында 117 грант табыстағанын ескере кетті. Тәтішевтің айтуынша, қордағы кандидаттарды іріктеу өте қатаң жүргізіледі, бірақ нәтиже бар: бүгінде көптеген бұрынғы стипендиаттар беделді мықты маман болды,мансабын табысты құрып, Қазақстанды дамытуда.

“Кәсіпкерлік саласындағы бизнес әкімшілік” мамандығының 1 курс студенті Болат Тағиев, грантқа ие болған 54 жеңімпаз студенттердің атынан алғыс сөз сөйледі.

Астана қаласының әкімдігі мен білім басқармасының өкілдері үшін ЖОО кампусы бойынша экскурсия және студенттік жобалар картасының тұсаукесері өткізілді.

Гранттарды тапсыру салтанатының құрметті қонағы 1980 жылғы Мәскеудегі Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Әлем кубогының иегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы Серік Қонақбаев болды.

2018 жыл Almaty Management University үшін мерейтойлық жыл болып табылады. Ал AlmaU мерейтойына Қазақстанда кәсіпкерлік білім берудің драйвері ретінде Астана әкімдігі 1000-нан астам грант бөлген 13 ЖОО-ның бірі болғандығы да ерекше жайт.

Біз грант иегерлерін және олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз және оларға тамаша оқу және барлық белгіленген жоспарлардың іске асырылуын тілейміз!

http://almau.edu.kz/news/zamakima_astany_i_fond_erzhana_tatisheva_vruchili-12234

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!