Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2012 жыл түлектерін марапаттау рәсімі

12.06.2012

Күні кеше талантты жастарға қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдырған «Ержан Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» білім гранттарының түлектерін марапаттау кешін өткізді. 

Айта кеткендей, аталмыш білім гранттары мүгедектігі бар балаларды және аз қамтамасыздандырылған отбасылардан, сондай-ақ балалар үйінен шыққан талантты жастарды анықтап, олардың сапалы білім алуларына қолдау көрсетуді мақсат тұтқан. 

Қордың шәкіртақысына 2008 жылы ие болған Бақтыбаев Әлихан, Кравченко Константин, Жекпелдинов Ернар, Михальченко Ирина «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша оқыса, Әубакирова Тұрсынай «шығыстану» мамандығы бойынша білім алып, Сәдібекова Гүлмира «фельдшерлік іс» мамандығын иемденді. 

Аталмыш мерекеге білім бағдарламасының түлектері, олардың ата-аналары, Қордың алғашқы қарлығаштары, бүгінгі түлектері, Қор құрылтайшылары, Ерлан Тәтішев және Еркін Тәтішев, Қамқоршылық Кеңестің мүшелері, сондай-ақ серіктес оқу орындарының басшылары, «Бота» ҚҚ-ның, «Құс Жолы» ҚҚ-ның, Каунтерпарт және бизнес өкілдері қатысып, Қор стипендиаттарын марапаттау кешінің рәсіміне куә болды. 

Қор түлектерін марапаттау кешінде «Ken Mavi Show Production» шоу-балеті өнер көрсетсе, стипендиаттар тарапынан түсірілген роликтер көпшіліктің көңілінен шықты. 

Ал осындай керемет кештің өткізілуін сәнді түрде көркемдеп, қонақтарға жоғары сапалы қызметтер көрсеткендері үшін Қор өз тарапынан «Vespucci» ресторанының басшысы Ақбалаева Гүлбану ханымға және ресторан ұжымына ризашылығын білдіреді. 

«Біздің Қор – жас, сондықтан да өзіміздің корпоративті мәдениетімізді, дәстүрімізді қалыптастыра келе, біз өсу, даму үстіндеміз. Бүгінгі кеш өте маңызды. 4 жыл бойы ойы жүйрік, қимылдары ширақ, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті мендей жеке тұлғаны қалыптастыруда ата-аналардың, Қор басшыларының, серіктес-университеттердің еңбектері орасан зор. Қор өз тарапынан әлі де еліміздің болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, елінің болашағын ойлайтын, нағыз ер-жүрек жастарды тәрбиелеп, талай тұлғалы білімді ұшыра беретініне кәміл сенім артады», – деді Қордың президенті Дана Жеңісқызы Жарықова. 

Аталмыш мереке барысында Қордың идеясын бөлісіп, жетістікке жетудің құрамдас бөліктерінің бірі амбиция және дарындылық, сондай-ақ қамқорлық, әділділік, шынайылық деп құптайтын Қорға қатысы бар азаматтардың арасында Андрей Макаревичтің әнімен шырақ зал қонақтарының қолынан өтті. Қор түлектерінің, Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің, сондай-ақ қонақтардың қолынан өткен бүгінгі «шырақ» жыл сайынғы дәстүрге айналмақ. 

«Деловой Казахстан», «Свобода слова» газеттері, «Kloop.kz» интернет-порталы, Stan.tv бұл мерекелік кештің сәтті өтуіне ақпараттық қолдау көрсетті.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!