Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2013 жыл түлектерін марапаттау рәсімі

06.06.2013

Кеше «Е. Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» Қоғамдық қорының Білім беру гранттар бағдарламасының 2013 жылғы түлектеріне құрмет көрсету салтанаты өтті. Биыл еліміздің оқу орындарында табысты білім алып шыққан 14 шәкіртақы алушы Қордың білім беру гранттар бағдарламасының түлектері болып отыр.

Олардың ішінде бес түлек Аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балаларға арналған білім гранттары бағдарламасы бойынша, үшеуі Балалар үйінің түлектеріне арналған білім гранттары бағдарламасы бойынша, сондай-ақ, алтауы Мүгедек балаларға арналған бағдарлама бойынша білім алып шықты.

Марапаттау салтанатына еліміздің оқу орындарында жоғарғы білім алған шәкіртақы алушылар, Қордың құрылтайшылары, серіктес университеттер мен колледждердің өкілдері, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен түлектердің ата-аналары қатысты.

Өзінің қызмет етіп келе жатқан жылдары ішінде «Е. Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» Қоғамдық қоры өзінің бағдарламалық басымдықтарын белгілеп, балалардың кәсіби, тұлғалық әлеуетін дамыту бойынша жұмыс жасауды жалғастыруда. Талантты әрі талапты жастарға қолдау көрсетуге бағытталған Білім беру гранттар бағдарламасы Қор қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Білім беру гранттарының бірінші бағдарламасы 2007 жылы, ал қалған екі бағдарлама 2008 жылы іске қосылды. 2011 және 2012 жылдарда Қорда бітірушілердің екі тобы болды. Қазіргі күні білім беру бағдарламасы шеңберінде Қордың 21 түлегі бар, биыл олардың қатарына 14 түлек қосылып отыр.

2007-2012 жылдар аралығында Білім беру гранттар бағдарламасына барлығы 146 264 090 теңге жұмсалды, бұл осы кезеңдегі орта бағам бойынша 1 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы жылдар ішінде барлығы 75 грант бөлінді. Білім беру гранттар бағдарламасы туралы Ережеге сәйкес Қорда «жоғалтулар» болғанымен, Қор тек ең талантты әрі талапты балаларды ғана қолдап, өз шәкіртақы алушыларына жоғары талаптар қояды.

Өкінішке орай, бізге Қордың талаптарына жауап бермейтін балалармен айырылысуға тура келеді. Алайда мұндай жоғалтулар көп емес, негізінен, балалар жоғарғы көрсеткіштермен оқиды (Қордың өлшемдері бойынша үлгерім 80%-дан жоғары болуы керек) және еріктілер жобаларына белсенді қатысып отырады (Бағдарламаның шарттары бойынша балалар Қордың оларға салған қаржысын әлеуметтік маңызға ие жобалар мен еріктілер жұмысын іске асыру арқылы қоғамға қайтаруы тиіс).

Қор бағдарламаларының бірегейлігі Қордың тек лайықты білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ, шәкіртақы алушылардың жан-жақты дамуы мен кәсіби дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасауында болып табылады. Білім беру гранттары бүкіл оқу кезеңіндегі оқу ақысын төлеумен қоса, ай сайынғы шәкіртақымен, жатақханада тұру құнын және өзге қаладан келген шәкіртақы алушыларға жылына бір рет үйіне барып қайту жолының ақысын қамтамасыз етеді. Оқушылармен ұдайы өзара байланыста бола отырып, Қор өзіне үйлестіруші рөлді алып, олардың ең үздік сапалары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Көптеген шәкіртақы алушылар бүкіл әлемнің студенттерін біріктіретін AISEC, SIFE және т.б. түрлі халықаралық бағдарламаларға белсенді қатысып отырады, олар өз университеттеріндегі үздік студенттер болып табылады және алмасу бағдарламалары бойынша бір-екі семестр аралығында шетелдік университеттерге оқуға барады.

Қордың базасында құрамына бірнеше бағыттар кіретін Шәкіртақы алушылар Клубы қызмет жасайды, олар: Пікір-талас клубы, Еріктілер қызметі және Көшбасшылар мектебі. Клубтың әр бағыты Қор мен шәкіртақы алушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!