Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2014 жыл түлектерін марапаттау рәсімі

11.06.2014

10 маусым 2014 жыл – «Е.Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» қоғамдық қоры қарапайым отбасыларынан шыққан балаларға ең басты байлық – білім алуға мүмкіндік беру арқылы өзінің борышын орындауды жалғастырып келеді.

Бүгін «Е.Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» қоғамдық қорының 2014 жылғы Білім беру гранттары бағдарламасының түлектерін қошеметтеу салтанаты өтті. Биылғы жылы Қордың Білім беру гранттары бағдарламасы бойынша 10 шәкіртақы алушы түлек атанып, елдің оқу орындарында білім алуды табысты тәмамдады.

Олардың арасынан аз қамтылаған отбасыдан шыққан балаларға арналған білім беру гранттары Бағдарламасы бойынша бес түлек, мүгедектігі бар балаларға арналған Бағдарлама бойынша бес түлек білім алып шықты.

Марапаттау салтанатына елдің оқу орындарында жоғары білім алған шәкірттер, Қордың құрылтайшысы, Ерлан Тәтішев, серіктес университеттер өкілдері (ҚМЭБИ, ХБА, UIB, Сүлеймен Демирел атындағы университет), сондай-ақ серіктес колледждер жетекшілері, халықаралық ұйымдар мен отандық ҮЕҰ өкілдері, түлектердің ата-аналары және де алдыңғы жылдардағы Қор түлектері қатысты. Стипендиаттарды құтықтауға Қордың көптеген әріптестері мен  жолдастары келді. 


Қор түлектері жұмыс берушілер үшін тартымды қызметкер болып табылады. Оның себептерінің бірі – жоғары стандарттарға жауап беретін және еңбек нарығында сұранысқа ие білім базасы. Оған қоса, балалар әлеуметтік ерікті жобаларды орындау арқылы жақсы тәжірибеге ие болып, кейіннен оны жетекші отандық және халықаралық компаниялардағы кәсіби іс-әрекетінде табысты түрде қолданады.

Кешке жиналған қонақтар назарына Қор тарихының ұмытылмас беттеріне айналған 2010 жылы өткен іріктеу айналымы мен байқау жеңімпаздарын құттықтау рәсімінде түсірілген сурреттерден жасалған бейнежазба ұсынылды. Отбасының қаржылық жағдайы, ой-өріс деңгейі, коммуникативтік қабілеті, бейімделгіштік пен көшбасшылық қабілеті секілді критерийлерге сай қиын іріктеу жолдарынан өткен бүгінгі түлектер сол кезде Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты атанып, білім грантына ие болуға лайық екендерін іспен дәлелдей білді. Қонақтар 2014 жыл түлектерінің оқу барысында белсене ат салысқан әлеуметтік жобалары мен Қормен бірге өткізген қызықты уақыттары жайында сөзсіз жеткізген бейнелерді де тамашалады. Түлектер іріктеу кезінде бастарынан өткерген толқыныстары мен қорқыныштары, қуаныштары мен шаттық сезімі жайында өздері дайындаған бейнетаспа арқылы паш етті.

Сөз сөйлеген спикерлер ішінде: КИМЭП Университеті Президентінің корпоративтік даму ісі бойынша орынбасары, Балжан Сужикова, Халықаралық Бизнес Академиясының оқу ісі бойынша Проректоры, Нұржамал Дүйсенқұлова және де Халықаралық Бизнес Университетінің қаржы факультеті Деканы, Анар Махметова болды. Олар Қорға жемісті серіктестік пен жалпы Қазақстан мемлекетінің дамуына қосып отырған үлесі үшін алғыстарын білдірді.

Қамқоршы Кеңесінің Төрағасы мен Қор Президенті, Ерлан Тәтішев пен Дана Жарықова түлектерді құттықтап, олардың кәсіби маман ретінде өсіп-өрбулеріне тілектестік білдіріп, естелік сувенирлерді ұсынды. Жас буынға ақ тілеуін білдірген Ерлан Нұрелдайымұлы Қордың қамқорлығында стипендиат болып жүрген бүгінгі түлектердің осы қысқа уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинақтап, білімге сусындаған табысты адамдар қатарына ілінгендерін айтты, ал бүгінгі заман талабына сай алған білімдері олардың өз істерінде бақтарын ашатын бірден-бір жол екенін ерекше атады.

Зекеева Мадинаның орындауындағы «Ангел-хранитель» атты әні, Ноғайбаева Әйгерімнің гитарамен орындап шыққан әсем әуені және «Саваж» би тобының орындауындағы әдемі билері мерекелік кештің көркін келтірді.

Аталмыш рәсімнің ресми бөлімі Қор Президенті, Дана Жарықованың сөзімен тәмамдалды. Дана Қамқоршы Кеңес мүшелеріне, Қор стипендиаттарының дәріс алып отырған университеттер мен колледждеріне, жыл сайын үміткерлер арасынан ең үздік жастарды іріктеп алуға көмектесіп жүрген эксперттерге, сонымен бірге Қордың қызмет етуіне қолдау көрсетіп отырған серіктес ұйымдарға алғысын білдірді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Ержан Тәтішев Қорының оңды ісіне ниеттес болған жандардың қолдарына жарқын болашаққа деген сенім мен ақ ниеттің, әділдік пен адалдықтың белгісі ретінде жанып тұрған шырақ ұсынылып, қолдан қолға берілді. Кеш соңында қазақ халқының салты бойынша жиынның үлкен қонағы, Қор стипендиаты, Айнұр Сүлейменованың Сәуле апасы үлкен жолға шыққалы тұрған жастарға ақ батасын берді.

Бүгінгі күнге дейін Қордың білім беру бағдарламаларының аясында 45 адам білім алды, олардың 14-і қызыл дипломды иемденді. 2007-2013 жылдар аралығында Білім беру гранттары бағдарламаларына жалпы 146 264 090 теңге, 2013-2014 оқу жылы – 22 027 549 теңге жаратылды. Жалпы жоғарыда аталған кезеңде 79 грант бөлінді, оның 47-сі аз қамтылған отбасыларынан шыққан жастар мен балалар үйінің түлектеріне және 32-сі мүмкіндігі шектеулі жастарға табысталды. 

Қор бағдарламаларының бірегей ерекшеліктерінің бірі сол – Қор тек лайықты білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, шәкірттердің жан-жақты дамуына және кәсіби дағдылардың қалыптасуына жол ашады. Білім беру гранттары оқудың барлық кезеңінің оқу ақысын өтеп қана қоймайды, оған қоса, ай сайынғы шәкіртақы, жатақханадағы тұру ақысы мен басқа қалада тұратын шәкірттерге үйге дейін және кейін қайтудың жол ақысы төленеді. Шәкірттермен үнемі байланыста бола отырып Қор өзіне үлкен жауапкершілік артады, себебі, олардың ең үздік қасиеттері мен дағдыларының дамуына ықпалдасады.

Қор жанында бірнеше бағытты қамтитын Шәкірттер клубы қызмет етеді: Пікірталас клубы, Ерікті қызмет және Көшбасшылық мектебі. Клубтың әрбір бағыты Қордың өзінің және шәкірттердің ортақ қызметінің нәтижесі болып табылады.

Қор шәкірттері орындаған ең елеулі жобалар: Бүкіләлемдік қарттар күніне арналған «Ұрпақтар жалғастығы» қайырымдылық концерті; тіреу-қозғалыс аппаратының ақауы бар балаларға арналған №2 мамандандырлыған мектеп-интернаттың оқушыларына арналған Ержан Тәтішевтің туған күніне орайластырылған естелік концерт; Онкология институтының балалар бөлімінде емдеуде жатқан 3-тен 14 жасқа дейінге балаларға арналған шығармашылық дәрістер: жаңа жылдық концерт «Бағанашыл» Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жағымды жаңалық алып келді.

Біздің волонтерлар «Шырақ» Мүгедек Әйелдер Қоғамдастығына, Алматы қ., Астана қ., Алматы облысының балалар үйлеріне, Алматы қ. кәмелетке толмағандарды уақытша ұстауға арналған баспанаға әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қолдау көрсетеді.

Көптеген шәкірттер бүкіл әлемнің студенттерін біріктіретін түрлі халықаралық бағдарламаларға: AISEC,  ENACTUS белсенді түрде атсалысып, өз университеттерінің үздік студенттері болып табылады. Ең елеулі жетістіктердің бірі болып Қордың 2011 жылғы шәкірті, Халықаралық Бизнес Академиясының 3-курс студенті және Enactus IAB тобының мүшесі Көпбаева Лаураның «Екінші өмір» жобасы табылады. Ол Алматы қаласындағы пластик бөтелкелерді жинау және кәдеге жарату бойынша жобасымен «Айналаңдағы әлемді түрлендір» сайысының жеңімпазы атанып, жобаны іске асыру үшін 300 000 теңге көлеміндегі грантты имеденді. Шәкірттер алмасу бағдарламалары бойынша Оңтүстік Корея, Голландия, Венгрия университеттерінде оқып келді. Қор шәкірті, Халықаралық Бизнес Академиясының 3-курс студенті Лаура Көпбаева АҚШ-ның Нью-Йорк қ. Төртінші жыл сайынғы Әлеуметтік Игілік Саммитіне (Social Good Summit), және де Қазақстаннан барған делегация құрамында Халықаралық Бизнес Академиясының SIFE тобында бақылаушы ретінде Мексикада өткен Халықаралық SIFE Enactus жарыстарына қатысты. Қор мен елдің абыройын Қор шәкірті, Халықаралық Бизнес Академиясының 2-курс студенті Пирогова Анастасия асқақтатты. Қазақстандық делегация құрамында ол «Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуындағы жастар рөлі» тақырыбына арналған Киев қ. өткен Еуропалық конгресске қатысты.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!