Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Адамның қолында не бар?

06.03.2012

2012 жылдың 1-ші жұлдызында Халықаралық Бизнес Академиясы маған және менімен бірге оқитын группаласым Үтебаева Каринаға жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттары арасындағы «Әрекеттегі социология» атты IV социологиялық конференцияға қатысуымызға жолдама берді. Аталмыш конференция Ресей Федерациясының солтүстік астанасы Санкт-Петербург қаласында өтті.

Сонымен, 1-ші наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 8.55-те Пулков аэропортына қондық. Петербург қаласының күнсәулелі көшелерімен жүре келе, біздің назарымызға кез келгенінде сәндік мүсіні бар үлкен ғимараттар көзге түсті. Біз өзімізді басқа уақытта өмір сүріп жатқандай сезіндік. Қаншама ғасырдан бергі бұл үйлер бүгінгі таңдағы заманауи дүкендердің көрмелерімен және машиналар ағынымен үйлесіп жатқандығы таң қалдырды. Исаакиев шіркеу мұнарасының төбесі күнмен шағылысып, Сарай алаңының Триумфальді қақпаның артында Солтүстік астананың аңызына айналған Эрмитаж жасырынған. Қалада көктемнің лебі сезінеді. Бізді Петербург қаласының тұрғындарының жылы шырайлығы таң қалдырды, олар қол ұшын созып, керек десеңіз, сұраған жеріңізге дейін шығарып салуға даяр болды.

Аталмыш конференция «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің Петербург филиалының ғимаратында өтті. Ғимаратқа қарағанда университеттің ашылғанына 14 жыл толыпты. Университетте көңілді, жас және болашаққа үміттері зор студенттер толы болды. Біз «Отбасы және ата-ана: дискурсивті тапсырыс және күнделікті тәжірибе» секциясына қатыстық. Біздің тақырыбымыз «The problem of children exploitation» («Балалар еңбегін эксплуатациялау мәселелері») болды. Аталмыш секцияда біздің тақырыбымыздан басқа келесідей тақырыптар айтылды: «Әкеге арналған мектеп: жауапты ата-аналардың идеологиясы мен тәжірбиесі», «Башқырстан Республикасындағы отбасы жайлы көзқарастар мен адамның дүниеге келуі», «Боямашы ата-ана», «Аналықтың әлеуметтік-экономикалық рисктері». Бұл тақырыптар қызықты және көкейтесті болды, өйткені, олар отбасыға және балаларға қатысты сұрақтарды ашты.

Біз қаланың салыстыруға келмейтін тарихымен, қызықты адамдарымен және қаланың жылы шырайлығымен толы өлшеусіз әсермен үйге қайттық. Петербургке барған біздің сапарымыз ұлы держава тарихының бір бөлігін көруге мүмкіндік болған еді, сондықтан да бұл мүмкіндікті біз бекерден бекер өткізбедік деп ойлаймын. Біз әлі жаспыз, сондықтан алдымызда қаншама есікті ашуымыз қажет, сондықтан да сол есіктердің тұтқаларын қорықпай ашуларымыз қажет деген ойдамын.

Сүлейменова Айнұр
Ержан Тәтішев Қорының білімгері, 2010

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!