Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

«Біз жоқ жерде бәрі жақсы» деген рас па әлде жоқ па оны өз басымнан өткіздім

21.08.2012

Біздің өмірімізде көптеген адамдар бұл пікірге сенеді. Ал егер, жалпы алып ойлансақ, бұл сөздің мәні жоқ. Маған Венгрияның астанасы Будапеште жылдық оқу курсынан өтуге мүмкіндік болды. Бұндай мүмкіндіктің маған бұйырғанына Ержан Тәтішев Қорына және білім алып жатқан оқу орнына алғысым шексіз. Сонымен Қазақстаннан тыс, Венгрияда бір жылдық өмірім жайлы бөлісуді жөн көріп отырмын.
Алғашында бұл жақтағы білім алу үрдісіне үйренісі алмадым, бейімделуім біразға созылды. Отанға деген сағыныштың орнын ештеңке толтыра алмайтына көзім жетті. Егер де бұл екі мемлекетті салыстыратын болсақ, екі мемлекеттің мәдениет және экономикалық даму жағынан ерекшеліктері бар. Ол жақтағы адамдардың мақсаттары бөлек, алдыға қойған қағидалары да өзгеше екен. Мәдениетіне келсек, олардан өзіме көп нәрсе үйрендім. Әрине, Венгрия біздің мемлекетімізге қарағанда бай емес, аймақ жағынан да үлкен емес. Қазақстан туралы ол жақта өте жақсы пікірлер айтқаны құлаққа да, өзімізге де жағымды. Олар бізді бай деп ойлайды. Маған ол жақта өздерінің азаматтарына жасалынып жатқан жағдайлары, бағдарламалары ұнайды. Студенттерге түрлі жеңілдіктер беріліп, олардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасалынады. Мысалы, кез келген көлікке, тіптен ұшаққа, поездге арналған билеттер құны әлдеқайда арзанырақ. Мен білім алумен қатар, саяхаттап та үлгердім. Біз студенттер тобымен Европа бойынша саяхаттар ұйымдастырдық, сонда студенттерге арналған жеңілдіктер мені таң қалдырды. Біз Прагадан Венецияға ұшақпен 3000 теңгемен жеттік. Құрбы-құрдастарыңмен бірге қыдыру тамаша ғой. Айтатын әңгіме де жетеді, мен өзімнің қалам, елім жөнінде көп нәрсе айтуға тырыстым. Мәдениет пен тарих жайлы айтсақ, Будапеште Аттила атты, сондай-ақ «Хуньяди» деген көшелер бар екен. Бұл өз тұрғысында ғұндар дегенді білдіреді. Сол кезде мен оларға бұл ұлы атаулармен біз алыс туыс екенімізді түсіндіріге тырыстым. Олардың таң қалғаны сонша, тіптен ғұндармен бұрын соңды байланыстар болғанына сене алмады.

Енді венгер тілі жайлы айтайын. Ең қызығы, біз қазақ тілімен ұқсайтын ортақ сөздерді таптық. Мысалы, «алма», «ана» және «сабын» және т.б. Бұлар венгер тілінде осында мағынаны білідреді, тек басқаша айтылады екен. Бірақта экономикалық жағынан алсақ, Қазақстан әлдеқайда тұрақты. Қала ішінде көптеген үйсіз жүргендерді кездестіруге болады. Сондай-ақ Будапештегі жағдайдың мәз еместігін жиі өтіп тұратын митингтер, көтерілістер куә. Олар үкімет тарапынан қолданған саясатпен келіспейді.

Оларға салықтың мөлшерін көбейтеді, ал бірақ еңбек ақыларын көбейтпейді. Әрине бұл халық арасында келіспеушілік тудырып, наразылыққа апарады. Жастар арасында көптеген өзгерістер бар, олар шетел асып кетуге тырысады. Жастар көбінесе Германия немесе АҚШ қоныс аударады. Бұның барлығы Венгрияда жұмыс орындарының тапшылығынан деп біледі. Тіптен үздік дипломға бітірсеңде, жұмысқа орналасу қиын. Осыған орай, Қазақстанда жастарға жасап жатқан мүмкіндіктердің көп екенін байқауға болады. Біздің елімізде жұмысқа ынтасы зор, жоғары білімді жастар әрдайым еңбек ете алады. Сондықтан да, «Біз жоқ жерде, бәрі жақсы» деген пікір пессимистердің және жалқаулардың ойлап тапқаны деген ойға келдім. Ал Қор стипендиаттарына бұл жараспайды.

Исмағұлова Әйгерім
Ержан Тәтішев Қорының 2009 жылғы стипендиаты

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!