«Кәсібіңді таңда!» 2023 байқауы бойынша сұхбат өтті
Ержан Тәтішев Қорының кеңсесінде «Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы 2023 жыл байқауының екінші айналымы, сұхбат өтті. Сұхбатқа Алматы, Алматы облысы, Қызылорда және Павлодар қалаларының тумалары қатынасты. Олардың 50% – ұл, қалған жартысы – қыз бала, 40% тірек-қимылдан шектеуі бар балаларға арналған №2 мектеп-интернатын, 20% сөйлеуден шектеулі балаларға арналған №9 мектеп-интернатын, 20% көру қабілеті нашар балаларға арналған Алматыдағы Островский атындағы №4 және Қызылордадағы №5 мектеп-интернатын, қалған 20% жәй мектепті бітірген.
Байқау комиссиясы бірінші айналымға тапсырылған өтінімдерді сараптап, олардың арасынан оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік өмірде белсенділік танытып, қатар алды болған балалармен жүзбе-жүз кездесіп, олардың қандай арман-мақсаттары бар, ойларын не мазалайды және қай сала маманы болғылары келетіні жайында толығырақ білді. Байқаудың осы кезеңінен сүрінбей өткен үміткерлер ендігі соңғы кезеңіне отбасының әлеуметтік хал-жайдайын бағалаумен байланысты мәлімет жинастыруда.
Байқаудың мәресіне нағыз арғымақтар жетеді деген ниеттеміз, ал оған жетпегендерге мойымаңдар, сәттілік әлі де алда дейміз!
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!