Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Бүгінгі таңдағы өмірімізді қалай құрып жатырмыз?

28.02.2012

Бүгінгі таңдағы өмірімізді қалай құрып жатырмыз? Бұл сұрақты өзіңізге қойғанда, өмірге деген көзқарасыңыз бен басты мақсаттарыңыздың қаншалықты шегі бар екенін білуге болады. Әрмен қарайғы басымдылықтарды таңдасақ, бірнеше жыл алдыға нақты мақсаттарды қоя білуге ықпалын тигізері хақ Менде шетелге қадам басар сәтте осы сұрақты өзіме бірнеше мәрте қойдым. UIB өз тарапынан маған бірқатар бағыттар мен варианттарды ұсынды. Бірақта мен Будапешті таңдадым. Неге? Біріншіден, мен CECOS London College білімімді шыңдап жатырмын, бұл дегеніміз Англияда оқымасам да, сол жерде оқуды тәмамдады деген ағылшын сертификатына қол жеткізе аламын. Екіншіден, Венгрия бұл Европада орналасқандықтан, мен Европа елдерінің бірқатар мемлекеттерін аралап, оларды тамашалауыма үлкен мүмкіндік болатынын ойладым.

Әрине, бұл жердегі оқу үрдісі өзім білім алып жатқан UIB-гі білім үрдісінен ерекшеленеді. Бірақта мен өзіме оқу жүйесін басқа қырынан көріп, оның өзіндік басымдылықтарын таптым. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттердің арасында өмір сүргендіктен, мен әрдайым жаңа өмір стилімен танысып, бірқатар тілдер маған жақынырақ бола бастады. Будапеште мен былайша айтқанда, «европалық» өмір сүру стиліне үйреніп, өзіме қажетті қасиеттерге ие болып жатырмын.

Жарты жыл ішінде мен Австрия мен Польшада болдым. Бұл өмірімнің ұмытылмас сәттерінің бірі. Вена мен Варшава екеуі екі түрлі. Саяхаттауда маған ұнайтыны – түрлі адамдармен қарым-қатынаста болып, олармен тіл табысу. Мен әртүрлі мемлекеттердің өмірлері мен тарихы жайлы көп нәрсе білдім.

Сөз соңында, айтарым, Венгрияға барған тәжірбие алмастыру саяхаты, мен үшін баға жетпес тәжірбиеге ие болып, оны ешнәрсемен салыстыруға болмайтынын түсіндім. Осы мемлекетте білімімді шыңдап, өзімнің жеке тұлғалық дамуыма үлкен іскерлік пен дағдыларға ие болғаныма қуаныштымын.

«Бүгінгі таңдағы өмірімізді қалай құрып жатырмыз?» сұраққа қайта оралсам, менің айтайын дегенім, бүгінгі күнгі жастардың ойы заманауи құбылыстарға сай өзгергендігін жеткізгім келеді. Қазіргі жастар уақыттарын босқа өткізбей, білімге құштарлықтары зор. Бұл әркімді болмасын қуантары белгілі.

Исмагулова Әйгерім
Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты, 2009
Будапешт

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!