Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

“Кәсібіңді таңда!” бағдарламасының 2025 жылғы байқауы

03.03.2025

«Кәсібіңді таңда!» – армандаған кәсіпке апарар жолың!

Сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, дербес болғың келе ме? Онда Ержан Тәтішев Қоры «Кәсібіңді таңда!» Бағдарламасының 2025 жылғы байқауына қатысып, грант ұтып ал!

Бағдарлама не береді?

– Қазақстанның кез-келген колледжінже ұнатқан мамандыққа тегін оқу
– Ай сайынғы шәкіртақы (емтихан нәтижелеріне қарай)
– Белсенді студенттік өмір

Байқауға жасы 29-дан аспаған, Қазақстан азаматтары болып табылатын мамандық иесі болуға ниет білдіретін мүмкіндігі шектеулі жастар қатыса алады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1) Оқу үлгірімі, ішкі ынта, жетістіктерге баға беру
2) Сұхбат
3) Материалдық жағдайға баға беру

Өтінімдер 3 наурыз – 30 сәуір 2025 ж. аралығында info@ytf.kz эл.поштасына қабылданады.
Байқауға қатысу туралы толық ақпаратты Гранттар бөлімінде бар.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!