Қор мен КИМЭП Университеті арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңі
2020 жылдың 6 наурызында Ержан Тәтішев Қорының құрылтайшысы Еркін Тәтішев КИМЭП Университетінің Президенті доктор Чан Йан Бэнгпен кездесті. Кездесуге Бірінші проректор Барнетт Тимоти Люис, оқу ісі бойынша проректор Линн Джилберт Томас, Бэнг атындағы Бизнес Факультетінің Деканы доктор Хо Янг Ли, корпортивті даму бойынша департамент директоры Раушан Қанаева және Ержан Тәтішев Қорының Президенті Дана Жарикова қатынасты.
КИМЭП Университетінің Президенті доктор Чан Йан Бэнг Ержан Тәтішев Қорының он екі жыл бойы жастарға КИМЭП Университетінде білім алуға жол ашу мақсатында грант тағайындап, адам капиталының дамуына қосып отырған үлесі үшін Еркін Тәтішевке өз алғысын білдірді. Доктор Бэнг білім қауымдастығы және соның ішінде КИМЭП Университеті шағын және орта бизнеске қандай қолдау жасай алатыны және бизнес пен Ержан Тәтішев Қорының болашақ мамандарды дайындаудан не күтетіні жайлы сұрады. Кездесу қатысушылары осы және Қазақстандағы жоғары, орта білімге қатысты басқадай сұрақтарды ортаға салып, бүгінде білім беру жүйесі қандай сынаққа тап болатынын талқылады және университеттер, бизнес қауымдастығы мен басқа да білім мекемелерінің арасындағы серіктестік пен қарым-қатынас жасасу жолдарын әңгіме қылды.
Бэнг атындағы Бизнес Факультетінің Деканы доктор Ли КИМЭП Униерситеттің серіктестікке әзірлігін білдірді. Ол Еркін Тәтішевтің бүгінгі ел экономикасы іскерлік қабілеті бар, тәуекелге бел буып, әрекет жасауға дайын жас кәсіпкерлерге мұқтаж екенін айтып білдірген пікірімен келісті, және де Бэнг атындағы Бизнес Факультеті Ержан Тәтішев Қорымен қосылып, осындай мамандарды дайындауға бар күшін салатынына сендірді.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!