2020 жылғы Қордың заңгерлік мамандығы бойынша тағайындаған гранты байқауының жеңімпазы атанды
Қордың заңгерлік мамандығы бойынша грантқа іріктеудің екінші кезеңі 8-9 шілде аралығында zoom платформасында бейне-конференция форматында қашықтықтан өткізілді. Байқаудың бұл кезеңі екі бөлімнен тұрды: «Пандемия кезінде Қазақстанда туындаған әлеуметтік және құқықтық мәселелер» тақырыбына эссе жазу және конкурс қатысушыларының кейстерді зерттеп, өз шешімдерін ұсынған сұхбат жасаудан құралды. Екі байқау күнінің қорытындысы бойынша Алматы қаласының студенті Даниил Литош үздік нәтиже көрсетті. Даниил Алматы қаласының дәрігерлер отбасында туып, өсті. Оның әділеттілікке деген ішкі құштарлығы, туа біткен патриотизм, ата-анасынан сіңірген адалдық пен әділеттілік принциптерімен бірге әлемді жақсы жаққа өзгерту ниеті оны заңгерлік мамандықты таңдауға итермеледі. Даниил: «Заң- қоғамдағы тұрақтылыққа әсер ететін ең басты құралдардың бірі»- деп санайды. Тапсырмаларды орындау барысында ол өзін оқымысты, білімді және әлеуметтік жұмыстарда белсенді қатысатын адам ретінде, айқын көшбасшылық позициясы мен өзіндік көзқарасы бар екенін көрсетті.
Біз Даниилді жеңіспен құттықтаймыз, қалған қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз!
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!