Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тәтішев атындағы шәкіртақы бағдарламасы

Бағдарлама мақсаты

Бағдарлама мақсаты – №16 мектеп-лицейі оқушыларының жаңа білім алып, жаңа машықтарды меңгеруде және олардың қоғамдық өмірге ат салысуын арттыру мақсатында сол мектеп оқушысы, Ержан Тәтішев  атындағы арнайы шәкіртақы тағайындау арқылы қолдау көрсету. 

Арнайы шәкірақы оқушының оқу үлгеріміне, мектеп / сынып / қала өміріне ат салысуына және оқу жылы ішінде іске асырам деген әлеуметтік жобаға баға беру арқылы айқындалатын іріктеу нәтижелері негізінде тағайындалады. Қор шәкіртақыны 1 оқу жылына тағайындайды. Үміткерлер арнайы байқау комиссиясымен қарастырылады. Бағдарлама талаптарына сай келетін үміткерлер байқауға қатынаса алады.

Арнайы шәкіртақы көрсеткіштері

  • 122 шәкіртақы тағайындалды
  • 4,6 млн теңге шәкіртақыға бөлінді
  • 6 мектеп нысандары жөнделді

Байқауға кім қатыса алады?

Сен Кентау қаласындағы №16 мектеп-лицейінің 8,9,10,11-сынып оқушысысың ба?

Сен 4 пен 5-ке оқитын белсенді оқушысың ба?

Сен белсендісің және түрлі салада жетістігің бар ма?

Байқауға қатысып, бір оқу жылына шәкіртақыны ұтып ал!

Бағдарламаның артықшылығы

Оқу жылы бойына шәкіртақы алу

Өз мектебіңнің атын жаңғырту

Көшбасшылар қатарына болу

Шәкіртақыны қалай алуға болады?

Үш кезеңнен тұратын іріктеуден өту қажет:

1Өтінімді тапсыру

  • Анкета

    Егер Сіз Бағдарлама талаптарына сай келіп, байқауға қатысқыңыз келсе, анкетаны ссылка жүктеп, толтырғаннан кейін оған келесі құжаттарды қосып қойыңыз: 1) жоба презентациясы; 2) оқу үлгерімі табельдері; 3) портфолио; 4) жеке куәлік (16 жасқа толғандар үшін) немесе туу туралы куәлік (16 жасқа толмағандар үшін); 5) СИК (кәмелетке толмағандар үшін). Анкетаны қолдан көк сиямен немесе компьютерде теруге болады. Анкетаның соңында толтырған күніңіз бен қолыңызды қойып, 20 қыркүйекке дейін info@ytf.kz деген Қордың электрондық поштасына жолдаңыз. 

  • Жоба презентациясы 

    Өтінімге жобаңыздың презентациясын қосып қойыңыз. Жоба презентациясы – Сіздің идеяңыздың мақсаты жайындағы қысқаша сипаттамасы. Презентация қағаз бетінде де, цифрлік форматта да (Power Point) болуы мүмкін.

  • Оқу үлгерімі

    Өтінімге соңғы бітірген екі оқу жылының табельдерін қосып қойыңыз.

  • Жетістіктер

    Өтінімге Сіздің пікіріңізше ең үздік диплом, сертификат, мақтауларыңызды қосып қойыңыз (10-нан аспау керек).

2Сұхбат

  • Жоба идеясының презентациясы

    Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, жоба жайында айтып беріңіз: Мәселені қалай анықтадыңыз? Жоба осы мәселені шешуге қалай себеп болады? Қанша және қандай адам жобадан пайда көреді? Жобаның ерекшелігі неде? Жоба әсері қанша уақытқа жетеді? Жоба қалай жүзеге асады? Презентация форматы үміткердің мүмкіндігіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Ол қағаз бетінде немесе компьютерлік программаларда дайындалуы мүмкін (мысалы, Microsoft PowerPoint). Жобаны көрсету үшін қолданылатын кез-келген креативті шешімдерді қолдану артықшылық береді және байқау нәтижелерін қорытындылаған кезде ескеріледі. Жобаға дайындау кезінде жасалған кішігірім зерттеу жұмыстары да ескеріледі.

  • Көрсетілім материалдары 

    Үміткерлер жобаларын дайындаған кезде, өз жобаларының орынды екенін және оны іске асыруға даярлығын көрсететін кез-келген материалдарды қолдана алады. Егер жобаны жүзеге асыру небір шығындармен байланысты болған жағдайда, қосымша шығындар есебі қажет.

  • Үміткер жайында мағлұмат

    Үміткердің өмірлік құндылықтары, көзқарасы, мақсаты мен қысқа және ұзақ мерзімді жоспары, отбасы, достары, қызығушылықтары, мектеп немесе сынып өміріне үлес қосуы және оқудан тыс өзіндік жетістіктері жайында мағлұмат сұхбаттың маңызды бөлігі болып табылады.

3Байқау комиссиясының қорытындысы

  • Үміткерлер рейтингі

    Үміткерлердің алғашқы рейтингі барлық анкеталарды қабылдап болған соң жасалады. Үміткерлердің қорытынды тізімі Кентау қ. №16 мектеп-лицейінде өтетін байқау комиссиясының отырысында сұхбат нәтижелеріне сүйене анықталады. Презентацияның маңызды бөлігіәреге жеткен жеңімпаздар тізімі барлық үміткердің, мектеп-лицейдің басшылығы мен оқушыларының қатысуымен өтетін жиында жарияланады.

  • Хабарлау 

    Үміткерлермен байланыс электрондық пошта, whatsapp/telegram, телефон арқылы жүзеге асырылады. Үміткерлер іріктеу нәтижелері жайында әрбір кезеңінен соң хабарлама алып отырады. Үміткер Қордан ресми хат алып, келесі айналымға қатысуға байланысты нұсқауды қабылдағаны жайында Қор қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Байланыс өзгерген уақытта үміткер Қор қызметкерлеріне дереу хабарлауы тиіс. 

  • Критерийлер

    Жоба идеясы SMART қағидаларына сай болуы тиіс: нақты, өлшеуге келетін, жүзеге асырылатын, уақытылы, орынды және небір уақыт аралығында орындауға келетіндей болуы керек. Жоба мақсаты көкейкесті мәселелерді шешуге бағытталуы, қолда бар ресурстармен шешуге мүмкін болуы және ұзақ мерзімді нәтиже қалдыруы тиіс. Көкейкесті мәселе деп оқу процессін жақсарту, мектеп оқушыларының пайдалы тәжірибе жинақтауларына көмектесу, сынып немесе мектеп оқушыларының арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, білім алуға керекті барынша жақсы жағдай жасау сияқты сұрақтар деп түсінеміз. Жобаны іске асыру барысында білімгерлердің өздері де пайдалы тәжірибе жинаулары тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: жыл сайын 1 және 20 қыркүйек аралығында

Өтінімдер Қордың электрондық поштасына жыл сайын 1 және 20 қыркүйек аралығында қабылданады.

Маңызды ақпарат

Ержан Тәтішев Қорының арнайы шәкіртақы бағдарламасы байқауына қатысуға Кентау қ. № 16 мектеп-лицейінің оқушылары шақырылады. г. Кентау. Байқау осы мектеп-лицейі оқушыларын ынталандыру мақсатымен ұйымдастырылған және бағдарлама талаптарына сай келетін барлық оқушылар үшін ашық.  Аталмыш меткептің 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары байқауға қатыса алады. Мектепке жаңадан ауысып келген балалар байқауға бір оқу жылы өткен соң ғана қатыса алады.

Арнайы шәкіртақы ай сайын жақсы оқу көрсеткіштері бар және мектеп / сынып / қаланың өміріне белсене ат салысқан оқушыларға бір оқу жылы ішінде төленіп отырады. Шәкіртақы саны мен мөлшері өзгертілуі мүмкін. Барлық өзгерістер Қордың Қамқоршылық Кеңесімен жыл сайын енгізіледі. Шәкіртақы тек оқу мерзімі ішінде, қыркүйек айынан маусым айына дейін төленеді. Білімгер небір себептермен №16 мектеп-лицейден шығып кетіп, я үлгерімі төмендеген немесе жобаға немқұрайлы қараған жағдайда, шәкіртақы төлемдері тоқтатылады. Бұндай жағдайда байқау комиссиясы шәкіртақыны мәреге жетпей қалған үміткерлер тізіміндегі бірінші үміткерге береді.

Қор мектептен шәкіртақыға тиісті кез-келген құжат пен ақпаратты талап етуге құқылы. Мектеп басшылығы шәкіртақыны алып отырған оқушылардың оқуы мен жобаларымен байланысты қандай да бір өзгерістер болып жатса, Қорға хабарлауы тиіс.

Қор кез-келген ақпаратты тексеріп, оның растығына көз жеткізуге және жалған ақпарат үшін кез-келген білімгерді бағдарламадан шығарып тастауға құқылы.

Жиі қойылатын сұрақтар

Кто может претендовать на именную стипендию?

В конкурсе на именную стипендию могут претендовать учащиеся 8,9,10,11-ых классов школы-лицей №16 г. Кентау, желающие сделать позитивный вклад в жизнь школы/района/города через социальный проект. Претендент должен показать хорошую успеваемость в общеобразовательном процессе, должны быть активными участниками общественно-социальной жизни.

В какой период принимаются заявки на конкурс?

Конкурс открыт ежегодно с 1 по 20 сентября. Окончательное решение о присуждении именных стипендий принимается конкурсной комиссией не позднее 30 сентября.

Сколько всего стипендий учреждает Фонд?

Ежегодно Фонд учреждает до десяти именных стипендий.

Какие документы необходимо предоставить для участия в конкурсе на именную стипендию?

Конкурсная документация должна содержать документы: 1) Табель успеваемости за последний учебный год; 2) Копия удостоверения личности или свидетельства о рождении (для лиц, достигших 16-ти лет); 3) Копия ИИН (для лиц, не достигших 16-ти лет); 4) Презентация проектной идеи; 5) Портфолио (копии документов, подтверждающих достижения претендента: грамоты, сертификаты, дипломы). Все вышеперечисленные документы должны быть предоставлены в полном объеме. В случае отсутствия какого-либо документа, информации, либо несоответствия данных действительности, Комиссия имеет право не допустить заявку к дальнейшему рассмотрению.

Могут ли ученики других школ участвовать в конкурсе на стипендию?

Программа стипендий имени Ержана Татишева разработана специально в поддержку учеников школы-лицей №16 г. Кентау, школы, в которой учился Ержан Татишев. Программа рассчитана только для учеников этой школы-лицей.

На какой срок учреждается стипендия?

Стипендия выплачивается только в период обучения в школе с сентября по июнь месяц включительно.

Какие проекты поощряются именной стипендией?

Именной стипендией поощряются проекты, имеющие социальную значимость и ценность для школы-лицея/района/города Кентау. Проектные цели должны фокусироваться на решении актуальных проблем, должны быть выполнимы с точки зрения имеющихся ресурсов, и иметь долгосрочное воздействие. Под актуальными проблемами подразумеваются вопросы, влияющие на улучшение той или иной сферы жизнедеятельности сообществ. К ним можно отнести оптимизацию процесса обучения, развитие полезных навыков среди учеников школы, улучшения взаимоотношений среди учеников класса или школы. Помощь может быть в форме дополнительных занятий/репетиторства, наставничества, профориентации нуждающимся в помощи одноклассникам или учащимся школы: детям с инвалидностью, детям из семей с низким достатком, сиротам, детям со сложным поведением.

Если я уже получал именную стипендию в прошлом учебном году, могу ли я участвовать в конкурсе текущего года?

Ученик, ранее получавший стипендию, не ограничивается количеством раз участвовать в конкурсе на получение стипендии на общих основаниях. Однако при прочих равных условиях, преимущество отдается тому, кто ранее не получал стипендию.

Может ли Фонд прекратить выплату стипендии?

Если ученик по любым причинам прекращает обучение в школе-лицей №16, либо в течение года демонстрирует низкую успеваемость и пассивность в выполнении проекта, выплата стипендии прекращается. В этом случае право на получение стипендии передается конкурсной комиссией следующему ученику из числа претендентов.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!