Қайырымдылыққа қатысты заңнамаға өзгертулер бойынша кездесу
Бүгін, 2019 жылы, мамырдың 23-інші жұлдызында Ержан Тәтішев Қорының Президенті, Дана Жарықова Халықаралық Коммерциялық емес Құқықтар Орталығы (ХКЕҚО) ұйымдастырған үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен өкімет органдарының қатысуымен өткен іскерлік кездесуге қатынасты. Кездесу ҮЕҰ қызметіне байланысты ФАТФ ұсыныстарының орындалу жолдарын талқылауға арналды (ФАТФ – қылмыстық жолмен түскен қаржының ізін жасырумен және терроризмді қаржыландырумен күресуде қолданылатын әлемдік стандарттарды әзірлеумен айналысатын және де ұлттық жүйелердің осы стандарттарға сәйкестігіне баға беретін мемлекетаралық ұйым). Сонымен қатар кездесуде ҚР заңнамасына қайырымдылыққа қатысты қабылданғалы жатқан өзгертулер және де мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау механизмдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар ортаға салынды.
Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен заң шығарушы бастамалардың ФАТФ ұсыныстарын жүзеге асыруда қолданатын жолдарының ҮЕҰ қызметіне тікелей қатысы бар екендігі, есесіне кері ықпалын тигізетіні мәлім болды.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросының директоры, Е.А. Жовтис өз сөзінде ФАТФ ұсыныстарының, нақты қажеттілік болмаса, жаңа заң қабылдауды немесе заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етпейтіндігін, сонымен бірге ҮЕҰ мен азаматтық қоғамды бақылау жүргізу барысын қатаңдатуды емес, керісінше қылмыстық қаржының ісін жасыру мен терроризмді қаржыландыруда құрбан болуы мүмкін әлсіз ҮЕҰ-дардың мемлекет тарапынан құқығын қорғауды ескеретіндігін айтты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы, Гүлбара Сұлтанова қайырымдылық мәселесі бойынша ҚР заңнамасына әзірленіп жатқан өзгертулер жайында әңгімеледі. Кездесу қатысушылары талқылау барысында аталмыш өзгерістерге сын айтып, шағын топтар жұмысы нәтижесінде қайырымдылық пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасап шығарды.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!