Білімгер кодексі
ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМГЕР КОДЕКСІ
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттар бағдарламасының жалпы мақсаты – айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеру ұмтылысы бар жастарға, олардың болашақта тұлға және кәсіби маман ретінде қалыптасуларына ықпал ететін лайықты білім алуға мүмкіндіктер ұсыну. Қор стипендиаттардың дамуына және олардың білім алуына кеткен қаржылық құралдарды қайтару қажет етілмейтіндігі болжанады. Бірақ ондай жағдайда Қор жауапкершілікті күтеді. Қор стипендиаттардан жоғары моральдік, адамгершілік сапаларын талап етумен қатар, оқуда да өте жақсы көрсеткіштерді көрсетуді талап етеді. Осыған орай, Ержан Тәтішев Қорының кез келген стипендиаты Қор ұжымы мен стипендиаттардың өзара қатынасын реттейтін Қор білімгерінің мінез-қылығы (ереже) мен тәртібінің нормаларына сай болуы қажет.
Оқу орындарында білім алу
Білімгерлер қабылданған оқу орнының академиялық стандарттарын сақтап, бағдарлама аясында барлық толық курстан өтуі қажет. Сонымен қатар таңдап алынған мамандықтары бойынша және өзінің оқу орындағы оқу бағдарламасы негізінде теориялық білімдермен, тәжірбиелі дағдылармен және қазіргі таңдағы жаңа әдістемелермен қарулануы тиіс. Академиялық және кәсіби стандарттардың сәйкес келмеуі гранттық қолдаудың тоқталуына себеп болуы мүмкін.
Академиялық үлгірімділігі
Ержан Тәтішев Қорының білім грантын иемденудегі ең негізгі дәлел стипендиаттың академиялық үлгірімділігі болып есептеледі. Білімгер оқуда жақсы көрсеткіштер көрсетуге және өзінің құқықтарын білуге тиіс. Оқу үлгірімділігінің рейтинг минималдылығы «Стипендияны тағайындау Ережесінде» бекітілген.
Қоғамдық өмірде белсенділік көрсету
Қордың білімгерлері айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттерге ие болуы қажет және қоғамның түрлі салаларында оны көрсете білу тиіс. Қордың, оқу орнының, қаланың қоғамдық істеріне қатысулары керек. Өз елінің беделін көтермелеуге және қалыптастыруға ықпал етулері қажет.
Қор қызметкерлері мен білімгерлердің өзара қарым-қатынасы
Білімгерлер жоғары моральді-этикалық сапаларға ие болып, ел алдында сыйлы болулары қажет. Өзара сыйластық пен этикалық сапалар Қор қызметкерлері мен білімгерлерінің арасындағы негізгі қатынас болып саналады. Білімгерлер өзара қарым-қатынасты құрарда келесі қағидаларға сүйененеді, яғни:
- адалдық;
- демократиялық;
- өзара сыйластық;
- кішіпейілділік;
- мейірімділік;
- әдептілік және әдепті мінез қылық;
- сындарлы қатынас;
- өзара сенімділік пен өзара көмектесу.
Білімгердің басқа да міндеттемелері
Өздерінің әрекеттерімен және қылықтарымен Ержан Тәтішев Қорының беделін қалыптастыруға ықпал ету. Қор іс-әрекеттерінің қағидаларына және құндылықтарына сәйкес болу.
Үнемі жалпы мәдениеттілікке ұмтылу, адамгершілік және физиологиялық дамуға жетуге тырысу. Өздерінің жалпы ой-өрісін кеңейту. Елімізде және әлемде болып жатқан қоғамдық, саяси, экономикалық жағдаяттарды тасадан тыс қалдырмау.
Өздерінің кәсіби және мәнсаптық мақсаттарына жетуге ықпал жасау. Біліммен және іскерлік-дағдылармен қарулануға дайындығын көрсету.
Өздерінің бойынан жеке тұлғалық қасиеттерді, атап айтсақ, қарым-қатынас дағдыларға, аналитикалық қабілеттерге ие болуы, сыртқы келбеті мен қылығы, іскерлікке сай болуы тиіс, ұқыптылық, дипломатиялық қасиеттерге ие болулары қажет.
Қордың стипендиаттары бір-біріне қолдау көрсетулері тиіс. Білімгерлердің студенттік өмірге бейімделуіне, тұрмыстық жағдайына, білім алу үрдісіне ықпал еткен және клубқа жаңадан қосылған стипендиаттарға көмектескендер мадақтауға ие болады.
Өзіне алынған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау (Қордың істеріне араласу, жеке тапсырмалар). Берілген тапсырмаларды белгіленген уақытта және сапалы орындаулары қажет.
Білімгерлердің қатысуымен Қор тарапынан ұйымдастырылған шараларға, кездесулерге қатысу. Кешікпеу және өз уақытысында келу қажет. Аталған іс-шараларға стипендиаттардың қатыса алмауы тек Қор тарапынан алдын ала келіскен жағдайда немесе дәлелді себептер кезде ғана босатылады.
Коммуникация
Білімгердің ұялы телефон немесе басқа да телефон байланыстарының нөмірлері, тұрғылықты мекен-жайы, басқа да байланыс телефондары ауыстырылса (кез келген себептермен) Қордық қызметкерлеріне үш күндік мерзім ішінде ауыстырылғандығы жайлы мәліметтер беруі қажет.
Білімгер білім алып отырған қаладан басқа қалаға ұзақ мерзімге кету уақытын, сонымен қатар өз үйіне қайту кезін Қор қызметкерлеріне хабарлап айтуы қажет. Сонымен қатар жоспар бар кететін және келетін күндерін, баратын жерін, сол жаққа бару мақсатын, сонымен қатар өзімен хабарласатын қосымша байланыс телефондарына дейін айтуы қажет.
Барлық білімгерлерге қатысты ақпараттардың тиімді алмасуы үшін таратылымның ортақ электрондық қағазы жүзеге асырылады. Осыған орай, стипендиат күнделікті өз электрондық поштасын тексеріп тұруы қажет және Қор қызметкерлерінен алған мәліметтердің алғандығын растауы қажет (электрондық пошта арқылы, телефонмен және тағы да басқа тәсілдермен). Кез келген оқу жылы сайын стипендиаттардың арасында хабарландыру жасалынады, яғни, олардың бір – бірімен ақпараттармен алмасуы және тәртіптің реттелуі қадағаланады.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!