Германиядағы Hof Университетінде алмасу бағдарламасынан алған тәжірибем
Ержан Тәтішев Қорының “БесТірек” бағдарламасы білімгері Мүталхан Рахат Германияда алмасу бағдарламасы бойынша білім алды. Рахаттың алған әсері жайында бөлісіп отырмыз.
Guten tag! Менің есімім Муталхан Рахат. “Бес-Тірек” бағдарламасымен ALMAU-да “Маркетинг” мамандығының 4-курсында оқимын. Жақында ғана Erasmus+ бағдарламасы бойынша Германияда, Хоф Университетінде білім алып келдім.
Бұл бағдарлама жайында университеттің парақшасынан көре сала барлық керекті құжаттарды жинап, өтінім қалдырдым. Комиссия мүшелерімен сұхбаттасуда өзімді барынша көрсетіп, грантты жеңіп алдым.
Жалпы Германияның білім саласы өте ұнады. Бұл жақта сен қалағаныңша түрлі пәндерге қатыса аласың. Егер ұнамай қалатын болса, кез-келген уақытта тастап кетуге болады. Мұғалімдерінің барлығы дерлік тәжірибелі мамандар. Мұғалім болмай тұрып Volkswagen, BMW сияқты үлкен корпорацияларда жұмыс жасағандар да бар.
Халықаралық студенттерге аса назар аударады. Жатақхана, сақтандыру, банк шоты және басқа кез-келген мәселелерді шешуге жәрдем береді. Тағы бір үлкен артықшылығы тегін тіл курстарымен қамтамасыз етуі. Мен басқа пәндермен қоса неміс және түрік тілдерін оқыдым. Күнделікті 5 тілді ортада жүрдім десе де болады. Достарыммен көбінесе қазақша, орысша және ағылшынша сөйлессек, университетте тек ағылшынша, түрік достарыммен түрікше, неміс тілі сабағында немісше сөйледік.
Осы Erasmus+ бағдарламасының арқасында Еуропаның 8 мемлекетіне саяхаттадым. Түрлі мемлекеттердің мәдениетімен, тамағымен және тарихымен танысып, көкжиегімізді кеңейттік.
Жалпы Германия өмір сүргенге өте керемет мемлекет. Егер Еуропаның кез-келген мемлекетінде тұра алу мүмкіндігі болса, Германияны таңдайтын едім.
Ержан Тәтішев Қоры мен ALMAU-дың арқасында ERASMUS+ бағдарламасына қатысуға мүмкіндік туындағанына қуаныштымын және үлкен алғыс білдіремін.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!