Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

pressclub.kz 2018 жыл білімгерлерін марапаттау

21.09.2018

ALMAU университетінде “Е. Тәтішев атындағы “Ержан Қоры” қоғамдық қорының және Астана қаласы әкімінің бағдарламалары бойынша жыл сайынғы білім гранттарын тапсыру рәсімі өтті.

Ержан Тәтішев Қорының гранттары екі бағдарлама бойынша ұсынылды. Кәсіпкерлік саласындағы “БесТірек” және ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған бағдарлама. Жеңімпаздарды конкурстық іріктеу негізінде жоғары академиялық көрсеткіштер, отбасының қаржылық және экономикалық жағдайы сияқты өлшемдер бойынша таңдайды. Сондай-ақ үміткерлердің жеке қасиеттері мен дағдылары, олардың кәсіпкер болуға және өз бизнесін ашуға ұмтылысы ескеріледі. Қордың жобалары мен бағдарламалары 2007 жылдан бастап іске асырыла бастады. Жас талантты қазақстандықтарды қолдау және басқа да жобаларға білім беру бағдарламаларына жалпы шығындар саны 720 млн теңгені құрады.

Білім гранттарын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Қордың құрылтайшысы Еркін Тәтішев табыстады. Сондай-ақ жеңімпаздарға Қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, Қазақстанда және шетелде танымал ғалымдар мен сарапшылар, бизнес пен мемлекеттік құрылым өкілдері, музыканттар мен қоғам қайраткерлері қолдау көрсетуге келді.

“Жыл сайын мен жеңімпаздарға білім беру гранттарын зор қуанышпен табыстаймын. Біз қарапайым отбасында өскен ағам Ержанды еске алу қорын құрдық, барлық қиындықтарға қарамастан, өзінің дарындылығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында көп нәрсеге қол жеткізді. Біздің Қордың миссиясы-еліміздің жас талантты азаматтарын қолдау. Олар ертең Қазақстанның мақтанышы болады деп үміттенемін, өздерінің жетістіктерімен елімізді өркендетіп, табысқа жетелейді деп сенемін. Мен бүгінгі уақытта моральдық және материалдық қолдау алған талант ертең бүкіл қоғамға пайда әкеледі деп сенемін, – деді “KUSTO GROUP” директорлар кеңесінің басшысы, әртараптандырылған компаниялар тобының басшысы және “Ержан” қорының құрылтайшысы Еркін Тәтішев. «Мен жеңімпаздарға барлық бастамаларда табыс тілеймін және біздің сенімімізді ақтайды деп білемін. Ержан, арамызда болғанда, сіздерді мақтан тұтатына сенімдімін».

Ержан Тәтішев Қорының екі бағдарламасы бойынша білім гранттарын 2018 жылы 8 адам ұтып алды. “Бестерек” бағдарламасының жеңімпаздары – Олжас Құлакеев, Мадина Шакирова, Камилла Алиханова, Дана Тасболатова, Салтанат Қуанова және Әйгерім Кәриева. Ақторе Айтманбет пен Павел Одинцов ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған грантқа ие болды.

“Менің жоспарларымды жүзеге асыру үшін қолдау  қолдау көрсетіп жатқан Ержан Тәтішев Қорына алғысымды білдіремін. Біз осындай қолдаудың арқасында біздің нәтижелер үшін үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Мен мультипликатор мамандығын оқып, Африкаға саяхат жасап, әлемдік деңгейдегі анимациялық фильм жасау арманымды жүзеге асырғам келеді”, – деді Павел Одинцов, ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған бағдарламаның жеңімпазы.

“БесТірек” білім гранттары бағдарламасы көшбасшылыққа айқын қабілетті және кәсіпкер болуға ұмтылатын үздік студенттерді қолдайды. Білім беру грантын алуға мектеп, колледж түлектері, жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар, жетімдер үйінен келген үміткерлер өз бақтарын сынай алады. Бағдарлама аясында студенттер бір мезгілде өз бизнес-жобасын дайындап, іске асыра алады. Елдің жетекші компанияларынан тәлімгерлердің қолдауына ие болады, болашақ кәсіпкерлерді даярлайтын әлемнің ең үздік ЖОО – ның бірі-Babson College (АҚШ) – да тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар университеттің барлық оқу кезеңінде Стартапқа 1 000 000 теңге көлемінде грант және білім грантын ала алады.

Ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған арнайы білім беру бағдарламасы белсенді өмір сүретін және кедергілерді жеңуге, алған білімдері мен дағдыларын өз еңбек қызметінде пайдалануға ұмтылатын мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау мақсатында құрылған. Гранттар жаңа білім алуға ынтасы жоғары және мамандықты меңгергісі келетін дарынды балаларға конкурстық негізде беріледі.

Қордың білім гранттары барлық кезеңдегі оқу шығынын, ай сайынғы стипендияны, жатақханада тұру құнын және басқа қаладан келген стипендиаттар үшін жылына бір рет үйге дейін және кері қайту жолақысын қамтиды. Білім беру грантын алуға үміткерлер – конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, және қаржылық қолдау қажеттілігін құжаттамалық түрде растаған жағдайда, жоғары оқу орындарына бірінші рет түсетін және бағдарламаның барлық өлшемдеріне жауап беретін орта мектептер мен колледждердің түлектеріне беріледі

.http://pressclub.kz/2018/09/24/v-almatyi-sostoyalas-torzhestvennaya-tseremoniya-vrucheniya-obrazovatelnyih-grantov-fonda-erzhana-tatisheva-i-akima-astanyi/#.W7IBuGgzZTt

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!