2013
Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2013 жылғы түлектері
АЙҒАРАЕВА АНЕЛЬ
Анель Алматыдан. Оның айтуынша, ол идеалист. Өмір күннен – күнге жаңару, даму үстінде болғандықтан, ол сол өмірді жақсы жаққа өзгертуге тырысып бағуда. Өте белсенді, үнемі алда болуға ұмтылады. Музыкамен, спорттық бал билерімен айнылысады, суда жүзумен шұғылданады. Мықты бәсекелестікті ұнатады. Гимназия қабырғасында мектеп радиосында жүргізуші болған, парламенттің белсенді мүшесі, взвод командирлерінің ішіндегі жалғыз қыз болған. Оның ұстанымы – жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру. Анель өзін креативті және сенімді адам ретінде есептейді, болашақта алатын мамандығы оған шығармашылықта көптеген мүмкіндіктер беретініне сенімді.
БЕГАЛИЕВА АҚЕРКЕ
Ақерке Алматы қаласынан. «Алтын белгі» марапатының иегері. Мектепте оқыған жылдары ол ой-өрісінің жоғары деңгейлігімен, өзіндік бір өзгешелігімен, дербестігімен, тригонометриялық және логарифметикалық деңгейде шешім қабылдауда тапқырлығымен көзге түскендігін педагогтар атап өтеді. Ақерке шетел тілдерін меңгерумен айналысады. Музыка мектебінде «Қобыз» классын үздік бітірген. Көптеген республикалық және қалалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы. Музыка мен математиканың байланыстығы тақырыптарында бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Байқаудың іріктеу кезеңдерінде команданың жетекшісі ретінде өзін көрсете білді, топта шешім қабылдауда жауапкершілікті өзіне ала отырып, өзін жауапкершілікті, іскерлі адам ретінде көрсете білді.
ДАНАБАЕВ АСЛАН
Аслан Семей қаласынан келді, дарынды балаларға арналған Қазақ-Түрік лицейін бітіріп шықты. Мамасы жұмыс бабымен іссапарларға жиі баруға мәжбүр болғандықтан, Аслан 12 жасынан бастап өз бетінше тұрып үйренген. Анасына көмектесу үшін ол досымен бірге жиһаз шығаратын шағын цехте жұмыс істей бастады, тапқан кішігірім табысын ол өзінің ұсақ шығындарына жарататын. Аслан – өмірлік талпынысы жоғары адам: ол түрік өлеңі байқауына, шахмат жарыстарына қатысатын, спортты жақсы көреді, кітап оқығанды ұнатады. Жалпы философияға, психологияға, жеке дамумен қаржыға қатысы бар кітаптарды қызыға оқиды. Төрт тілді меңгерген. Мектеп қабырғасында оқи отырып, «Мақсатты айқындау» атты тренингтік курсті өз бетімен дайындап, сыныптастарына өткізді. Шахмат ойынын қызығушылықпен айналысқанынан болар, іріктеу барысында өз-өзін салмақты, өз пікірін дәлелдей алатын және шешім қабылдаудағы көрегендік танытатын сенімді лидер ретінде көрсете алды.
ЖАНДАРБЕКОВ ӘДІЛБЕК
Әділбек Шымкент қаласынан. Қоғамдық жұмыспен белсенді айналысады: Іскер әйелдер Ассоциациясының Оңтүстік-Қазақстан филиалының тұсындағы «Шымкент-plus» жастар еріктілер орталығында еріктілік қызметін атқарады. Адамның иммундық вирусының (АИВ) алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау тақырыптарында жастарға арналған тренингтер ұйымдастырады және өткізеді. Іріктеу кезеңдерінде өзін нағыз харизматикалық көшбасшы, коммуникабелді және адамдарға, өзіне мейірімді ретінде өзін көрсете білді. Екінші іріктеу кезеңінде Әділбек туындаған жағдаяттарды нақты болжай алу және жан жақты қарастыру, дереу шешім қабылдай алуымен көзге түсті, барлық сарапшылардың пікірінше, ол мейірімді, командамен жұмыла жұмыс жасай алу іскерлігіне ие.
ИСМАҒҰЛОВА ӘЙГЕРІМ
Әйгерім Алматыдан. Ол өте жан-жақты қызығушылығы бар адам – музыкамен, батика өнерімен, бимен, гимнастикамен айналысады. Көптеген ақыл-ойдық марафондар мен дебаттардың қатысушылары. Еңбекқорлық, мақсатқа бағыттылық, жағдаятты және шешімді ақыл – оймен талдау қабілеті оның күшті қасиеттерінің бірі болып табылады деп есептейді. Сонымен қатар, Әйгерімге әдеби шығармашылық байқауларды ұйымдастыру және оған өзі де қатысу ұнайды. Екінші іріктеу кезеңі кезінде Әйгерім аудиторияда ұсынылған тапсырмалар мен көптеген тест жаттығуларына жаңаша шығармашылық жолдарды таба отырып, ұшқыр шығармашылық тапқырлығымен көзге түсті.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!