2013
Балалар үйінің түлектеріне арналған Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары бағдарламасының 2013 жылғы жеңімпаздары
ПАЛАХАНЧИДИ ДИАНА
Диана Тараз қаласындағы №1 К.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің түлегі. Мектепті 4,6 орташа баллдық аттестатпен бітірді. Мектепте оқыған жылдары түрлі мектептік, аудандық және қалалық олимпиадаларда бірнеше рет қатысқан, тәрбиешілер мен мұғалімдердің айтуынша, Диана – өте белсенді және өзіндік бірегей адам. Диана өміріндегі қиыншылықтарына қарамастан, оларға мойынсынбайды, керісінше сол қиыншылықтарға төтеп беру арқылы ол өз бойына күш-қуаттар жинап, өмірге деген құлшынысын арттыруға ықпал еткендігін түсінеді, сонымен қатар «Тек алға және қиындыққа мойынсынбау» деген қағиданы ұстанады. Диана Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіне оқуға түсті. Болашақ мамандығын таңдай келе, ол Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға өзінің үлесін қосуды мақсат тұтып, өз елінің патриоты бола отырып, дипломат мамандығын таңдады.
СМАГЛО НИКОЛАЙ
Николай Петропавловск қаласындағы отбасылық типтегі балалар ауылында тәрбиеленді. Мұғалімдердің айтуынша, Николайдың үлкен бір қызығушылығы ол –компьютер екен. Бұл сөздерді ол өзінің эссесінде бекіте білді, өйткені оның сүйікті істерінің бірі – Интернетте уақытын өткізу, презентациялар дайындау екендігін жазған болатын. Оның қызығушылығы тек компьютермен ғана тоқталып қана қоймай, ол сурет салуды, ән салуды және билеуді ұнатады. Николай көп оқиды, ел ішінде және халықаралық саяси оқиғаларға қызығушылығы мол. Ол болашақта жоғары білікті заңгер болуды армандайды.
ТӨРЕҚҰЛОВ ЕРЛАН
Ерлан Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласынан. Ол болашақта мұнай және газ саласында мықты маман болғысы келгендіктен, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-тің «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына оқуға түседі. Ерлан мектепті жақсы академиялық көрсеткіштермен тәмамдады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер оны ашық, мақсатқа бағытталған, нақты ғылымға қызығушылық танытқан ақылды адам ретінде сипаттайды. Ерлан өте білімқұмар және белсенді. Мектепте байқаулар мен ақыл-ойдық олимпиадаларда үнемі қатысып отырған. Сонымен қатар, ол өзінің эссесінде домбыра ойнауды және Интернете бос уақытын өткізуді ұнатамын деп жазған.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!