Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2013

Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарламаның 2013 жылғы түлектері

АКАУП МАДИНА

Мадина Семей қаласында анасымен және колледжде оқитын әпкесімен тұрады. Ол туылысымен жүрек аурымен дүниеге келген. Мектепті «жақсы» деген бағаға бітіріп, Шәкәрім атындағы СМУ-тің колледжінің «Экология және табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыру» мамандығына оқуға түседі. Мадинаның сурет түсіруге деген қызығушылығы бар, ойынан сол суреттердің рамасын жасап шығарады. Бойындағы кемшілігіне қарамастан биге қатысады, бассейнге барады, боулинг ойнайды. Өмірге жарқын қарайтын, сондай ақкөңіл қыз. Мадина қоғамның өмірінен тыс қалғысы келмейді. Мүмкіндігі шектеулі жас адамдармен жұмыс жасау бйоынша Орталықтың тарапынан ұйымдастырылған түрлі шараларына белсене ат салысады.

 

ДОБРЫШКИНА ЮЛИЯ

Юлия ата-анасымен және ағасымен Алматы қаласында тұрады. Церебральді сал ауруына қарамастан ол мектептен білім алған (№28 лицей). Ол Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің қаржыгер мамандығына оқуға түседі. Юлия суда жүзгенді ұнатады, йогамен, шахматпен айналысады. Ішкі жігерлігінің, сондай-ақ ерік-жігерінің мықтылығының арқасында өмірдегі қиыншылықты басынан кешіріп, соларды жеңуге қатты ықпал еткен. Балалық шақта алған сырқатына қарамастан, ол өзін басқаларымен бірдей көреді. Өзіне өте сенімді, ашық жарқын, жаңашылдыққа жақын Юлия өзінің таңдап алған мамандығы бойынша білікті маман болуды армандайды.

 

МАШРАПОВ ДОСЖАН

Досжан Шығыс Қазақстан облысы Кеңгірбай ауылында дүниеге келген. Құрдастарынан қалмай теңдей өсуге деген оның ішкі тілегі оны ерінбей жұмыс жасауға стимул берді. Досжан өздігінен компьютерлік бағдарламаларды меңгерген. Өзінің қызығушылығын ары қарай тереңдете отырып, ол программист техник мамандығын таңдап алды. Осы жылдан бастап, Алматы мемлекеттік политехникалық колледже оқитын болады. Көптеген фестивальдер мен байқауларда белсенді қатысқан. Досжан өзінің дарындылығын жүлделі орындар алғауымен және жетістіктерімен дәлелдеп отыр. Оның мінезіндегі бірбеткейлігі мен қайсарлығы оқуда жақсы оқуына да әсер тигізіп отыр. Сурет салумен де айналысады. Білімқұмар және жаңа мүмкіндіктерді ашуға ниеттеніп отыр.

 

НҰРМАҒАМБЕТ ҰЛЖАН

Ұлжан Қазалыда өскен (Қызылорда облысы). Оның мақсаты – кішкентай балаларды тәрбелейтін мекемелерде жұмыс жасау. Өз мақсатынан бас тартпай Ұлжан бастауыш сынып мұғалімі деген мамандықты таңдайды. «…Менің мамандығым маған болашақта балалармен бірге болып, маған қиын емес жұмыс жасауға мүмкіндік береді», деп Ұлжан өз таңдауын осылай түсіндіреді. Ол қазақ тілі мен қазақ әдебиетін сүйіп оқиды. Жүлделі орындарға ие бола отырып, ол өзінің сүйікті пәндері бойынша олимпиадаларға қатысқан. Ұлжан еңбек сүйгіш, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білетін адам. Құрдастарымен ашық және мейірімді, үлкендерді сыйлайды, өмірдің қиыншылығына мойынсынбай, тек алдыға жүруге ниеттенеді.

 

ТЛЕУОВА ДИЯНА

Дияна Қостанай қаласынан. Оған ән салу өте ұнайды. «Талант Құдай берген несібе, ал оны жүзеге асыру адамға байланысты» деген мақалға байланысты, ол өзінің талантын дамытуға бел буып, көп жылдар бойы вокалмен айналысады. Білім құмар және ашық Дияна оның бұл дарындылығы болашақтағы мамандығымен толығымен сәйкес келмесе де, ол өте қиын мамандықты меңгеруге ұмытылуда – яғни сала бойынша теміржол тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі мамандыққа қол жеткізбекші. Өзінің таңдауын атасы басқан қадамды, яғни, «темір жол» бағытын ұстануды шешіп отыр. Сондықтан да кішкентайынан бастап ол өзін осы мамандыққа дайындап келеді. Қиыншылықтарға қарамастан, Дияна әрдайым өзін биікте ұстап, өзінің маңыздылығын, өмір сүретіндігін нақты бекітуге тырысып бағуда.

 

ҮСЕНОВА НАЗЫГҮЛ

Назыгүл көп балалы отбасынан: 3 әпкелері мен кіші інісі бар. Ол кішкентайынан бері Алматыда өзінің үлкен және мейірімді отбасында тұрады. Ол ашық адам, адамдарға көмектескенді ұнатады. Оның таңдауы – медбике болу, адамдарға қол ұшын беру. Назыгүл өзінің нақты өмірлік қағидаларын бекітеді. Ол білім алу, оған қол жеткізудің мағынасын түсінеді, сондықтан да өзінің денсаулығына қарамастан сол мақсатқа қол жеткізуге тырысады. «Менің білім алуымда үлкен қиыншылықтарға кездесетінімді сезіп тұрмын, бірақ та соған қарамастан өз таңдаған біліміме қол жеткізетініме сенімдімін», дейді Назыгүл өзінің ерік жігерін, қайсарлығын бекіте отырып.

 

 

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!