2016
Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарламасының 2016 жылғы түлектері
БЕКБОЛАТҚЫЗЫ ГҮЛМАЙРА
Гүлмайра Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылында туып өскен. Н.Островский атындағы зағиптар және көздері нашар көретін арнаулы мектеп-интернатының түлегі. Бос уақытында домбырада ойнап, ән айтқанды, қолөнер бұйымдарын жасағанды ұнатады. Алматы қаласында жеңіл атлетикадан 100 метрлікке жүгіруде көзі нашар көретін мүгедектер арасында ұйымдастырылған Чемпионатта 3-ші орынға ие болған. Арнаулы мектеп-интернатының тарапынан берілген ұсыныс хаттарынан оқығанымыздай, Гүлмайра білімқұмар, ашық, жайдарлы, сенімді, жауапкершілікті. «Менің ең басты арманым – жоғары оқу орнын тәмамдап, бітірген мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қоғамға пайдасы тиер істермен айналасып, өзім сияқты мүгедек жандарға және асыраушысынан айырылған боздақтарға қол ұшын бергім келеді», – деген Гүлмайра Алматы педагогикалық колледжге түсті.
СУВОРКИНА АНТОНИНА
Антонина Ақмола облысының Атбасар қаласында туып өсті. Туа біткен катаракта науқасына шалдыққан ол Қарағанды қаласының зағип жандарға арналған мектеп-интернатында үздік нәтижемен бітірді. Одан соң Антонина даяршы-кулинар мамандығы бойынша колледж дипломын алды, алайда жұмысқа орналасу қиынға соқты. Ол мектеп қабырғасында дәріс алғанда тарих және де басқа да гуманитарлық пәндер бойынша өткізілген сайыстардан жүлделі орындарға ие болды. Антонина шабыты келген кезде ақындық, жазушылық қабілеттерін танытады, антонинаның мақаласы «Адамдар арасында жер басып жүру» атты жинаққа кірді. Оның жетістіктерінің бірі – осыдан бірнеше жыл бұрын Атбасар қаласы әкімінің грантына ие болғаны. Антонина балабақша тәрбиешісі мамандығы меңгергісі келеді.
СҰЛТАНҒАЛИЕВА ДИНА
Дина Алматы қаласының тұрғыны. Өзінің науқастығына қарамастан, мектепті 4 пен 5-ке бітірген-ді. Орыс тілі пәнінен өткен мектепішілік олимпиадаларда орын алғаны үшін және үлгілі тәртібі мен жақсы оқу үлгірімі үшін грамоталары бар (2011, 2012 жж.). Дина мектеп өміріне белсене араласты, мектептің өзін-өзі басқару ісіне етене араласты, ал сабақтан тыс кезде макраме мен тары моншақпен әшекей жасаумен айналысады. Шет тілдеріне қылшыну бар болғандықтан, алға қойған мақсаты – лингвистикалық колледжде «аудармашы» мамандығы кәсібі бойынша дәріс алу.
Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!
Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!