Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2018

Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарламасының 2018 жылғы түлектері

АХМЕТҚАЗЫ АЛЬВИНА

Әлвина – Алматы қаласының тұрғылықты азаматшасы әрі №2 қол-аяғы кеміс балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының түлегі. Әлвина жайдары және ашық мінезді қыз, адамдармен оңай тіл табысады. Ол әркез оқуына үлкен ынтамен қарайтын, сынып пен мектептің беделін көтеріп, мектепте және одан тысқары жерде өткізілетін концерттер, шығармашылық және спорттық сайыстарға қатынасып, қоғамдық өмірге белсене ат салысты. Бос уақытында Әлвина қолөнермен айналысып, домбыра тартады, бимен айналысады, жүзу мен пионербол ойнауды ұнатады, әншілікке көңіл бөледі. Оқу кезінде Әлвина мектеп өміріне етене араласты: мектептің өзін-өзі басқару комитетінің білім министрі, мектептің экология клубы мүшесі болды, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жас көшбасшылар слётына қатысты, «Жұлдызай» республикалық фестивалінде вокал номинациясында жеңімпаз атанды, түрлі еріктілік жобаларына ат салысты. Әлвина болашақта аяғына нық тұрып, ата-анасына жәрдемші болуды армандайды. Ол Рузитдинов атындағы стоматологиялық колледжінің тіс дәрігері мамандығын игермек, ал кейін келе мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескісі келеді.

 

МӘЖІТОВА АҚЕРКЕ

Ақерке көп балалы отбасында өсті. Ол №2 қол-аяғы кеміс балаларға арналған арнайы мектеп-интернатын тәмамдады. Ақерке өжет мінезі мен белсенді өмір ұстанымы бар өзегі нық адам, оның өз мақсаттарына беріктілігі ойындағысын бүкпей айтуға және өз қызығушылықтарын қызғыштай қорғауына жігерлендіреді. Оқытушылары да, ата-анасы да Ақеркенің жетістіктерін мақтан тұтады: мектепке түскен уақыттан бері ол мектеп шаңырағында өткен барлық шараларға, қоғамдық жұмыстарға және пәндік сайыстарға белсене қатынасты. Ақерке өнер мен шығармашылыққа жақын нәзік жан, оның әйгілі авторлардың шығармалары мен өз туындыларын мәнерлеп оқуда алған жүлделі орындары – соның дәлелі. Табиғат берген дауысының арқасында ол көптеген шығармашылық сайыстарда туған мектеп пен сыныбының намысын қорғады. Ақеркенің пір тұтатын тұлғасы, рухани азық пен шабыт көзі – қазақтың кемеңгер ақын-жазушысы, Мұқағали Мақатаев. Ақерке өзінің болашағын тіл мен өнер салаларымен үйлестіретіндіктен, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын жетік меңгеруге бел буды. Оның асыл арманы – журналистика мамандығын меңгеріп, қазақ тілінің мәртебесін биіктету үшін еңбектену.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!