Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Менің бұл шағын әңгімем жаңа келген стипендиаттың Ержан Тәтішев Қорымен танысуына кездейсоқ оқиға болса, қуанар едім

12.03.2012

2008 жылдың бір көктемгі күнінде менің тәтем газеттен Ержан Тәтішев Қорының бакалавр дәрежесін алуға бағытталған білім гранттар бағдарламасы жөнінде байқау жариялағанын кездейсоқ оқиды. Содан кейін менің немере ағамаға сол хабарландыру жайлы жеткізеді. Олар менің ұялы телефоныма хабарлама арқылы аталмыш Қордың сайтына кіріп, бұл бағдарлама жайлы толығырақ білу керектігін жазып жібереді, өйткені сол сәтте мен жоғары білім алудың барлық мүмкіндіктерін іздестіруде едім. Бүгінгі күні артыма көз жүгіртсем, мен Қормен таныстырған оқиғаларға, соған себеп болған адамдарға ризамын. Ал сол танысу сәттің мен үшін өте тиімділігі маңызды болды.

2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау Институтына «қаржыгер» мамандығына түстім, үш жылдай керемет студенттік өмірді бастан кешіріп, білімімді шыңдап, қызыл дипломға қол жеткіздім. Менің көзқарасымша, бүгінгі таңда Қазақстан менеджмент, экономика және болжау Институты – бұл Қазақстанның ең үздік бизнес мектебі. Мен оқыған жылдарда Қор өз тарапынан материалдық тұрғыдан қолдап көрсетіп қана қоймай, білімнің толығуына да зор ықпалын тигізді, атап айтсақ, Қор тарапынан өткізілген пікір-сайыс кештерінен, тіптен Қор жұмысшыларының өздерінен көп нәрсе үйрендім. Сондай-ақ Қор өз тарапынан білікті және кәсіби білім алуға мүмкіндіктер беріп қана қоймай, бізді әлеуметтік-жауапкершілікті адам болуға үйретті. Біз әлеуметтік-жауапты қоғамда өмір сүргіміз келеді, бірақта сол қоғамның мүшелері – адамдар екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы ретте айтарым, Қор және оның стипендиаттары балалар үйлерінің түлектерін, мүгедектігі бар жастарды, халықтың әлсіз топтарын қолдайтын қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырады.

Бүгінгі күні мен Ресей Федерациясының территориясында, атап айтсақ, Оренбург облысы Ясный қаласында «Оренбург минералдары» ААҚ кәсіпорнында қызмет жасаймын. Инвестициялық жобаларды дамыту және мониторинг жүргізу Бөлімінің маманымын. Біздің кәсіпорын зәбүржат асбестін шығарады. Бұл өнімді құрылыста кеңінен қолданады. «Оренбург минералдары» ААҚ-ы әлем бойынша дайын өнімді шығару жағынан алдыда келе жатқан кәсіпорыннынң бірі. Өндірістік кәсіпорында жұмыс жасау бағасыз тәжірбие беріп, жас маманды қатайтады. Бұл бастамашы мамандар үшін маңызды деп есептеймін. Жаңа білімдер мен тәжірбиелерге қол жеткізе келе, мен қаржы және экономика саласында білікті маман болғым келеді.

Жоғары айтқандай, мен біздің Қорға, оның Қамқоршылық Кеңесі мен қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Менің бұл шағын әңгімем жаңа келген стипендиаттың Ержан Тәтішев Қорымен танысуына кездейсоқ оқиға болса қуанар едім.

Исламбек Орумбаев
Ержан Тәтішев Қорының түлегі, 2011

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!