Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

«БесТірек” 2021 бағдарламасының грантына 23 үміткер Байқаудың екінші кезеңіне өтті

06.06.2021

«БесТірек” 2021 бағдарламасының грантына 23 үміткер Байқаудың екінші кезеңіне өтті. Ержан Тәтішев Қорының «БесТірек» байқауының бірінші кезеңінің ұйымдастыру комитетіне онлайн режимінде 258 өтінім келіп түсті. Қатысушылар өздерінің жетістіктерін, белсенділігін, қаржылық жағдайын және т.б. растайтын сауалнамалар мен құжаттарды ұсынған болатын. Мотивациялық эсселер, ұсыныс хаттар, оқу үлгерімі мен марапаттары толықтай бағаланды.. Байқаудың екінші кезеңіне барлығы 23 қатысушы іріктеліп танылды.

Ержан Тәтішев Қорының «БесТірек» байқауының жартылай финалистері қатысуын онлайн режимде өтетін екінші турда жалғастырады. Бұл кезеңде қатысушылар интерактивті іскерлік ойын арқылы өз білімдері мен дағдыларын көрсете алатын болады. Олар бұл кезеңдерді өту арқылы Ержан Тәтішев Қорының грантын ұтып алуға лайықты екендіктерін көрсетуі керек. Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға байқауға қатысқандары үшін шын жүректен алғысын білдіреді және жартылай финалистерге екінші кезеңде сәттілік тілей отырып, бірінші турдан өтулерімен шын жүректен құттықтайды.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!