Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2012

Қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламасының 2012 жылғы түлектері

БАҚТЫБАЕВ ӘЛИХАН

Әлихан Тараз қаласында туып өскен. Гимназияны үздік бітірген. Ол өте жан-жақты адам – ағылшын тілін жетік біледі, фарсы тілін үйреніп жүр, теннис, баскетбол ойнайды. Әлихан өлең және тақпақ жазады, гитарада ойнап, ән салады, басқа балалармен бірігіп «Зной пустыни» мектеп ансамблін ұйымдастырған. «Таза технология» мәселесімен айналысады, ғылыми жобалар байқауына қатысып «Өсімдіктер майын жанармай ретінде қолдану» тақырыбында ғылыми жұмыс жазып, жүлделі орынға ие болған. Әлихан өте бауырмал, көңілшек, адамгершілігі мол, парасатты, инабатты, адал дос. Атап өтсек, бірге оқыған сыныптасы Цветков Кирилл ата-анасынан айырылған кезде Әлихан мектеп оқушылары тарапынан материалдық көмекті ұйымдастырған. Екінші іріктеу турының қорытындысы бойынша: ол сарапшы және байқауға қатысқан қатысушылар тарапынан көшбасшылық сапасының жоғары екендігі ескеріліп, мойындалған.

 

ЖЕКПЕЛДІНОВ ЕРНАР

Ернар Алматыда тұрады. Спортпен шұғылданады, көп оқиды, шешендік өнерге жақын. Сарапшылардың бағалауы бойынша ол екінші турда өзін белсенді, көшбасшы және команданың мықты ойыншысы екендігін көрсете білді. Командада негізгі көшбасшыдан кейінгі орнынға ие болды. Бірақ оған қарамастан ол топтағы процестерді басқаруға бейім, топтағы шешімнің қорытындысын өзі бекіте және өз ойын басқаларға дәлелдеп жеткізе алды. Екінші турдың қатысушыларының жүргізген рейтингі бойынша топтың мойындауына ие болған. Ернардың ұстаздары оны ашық, әділ, қарапайым адам ретінде сипаттайды.

 

КРАВЧЕНКО КОНСТАНТИН

Константин Петропавловск қаласынан. Гимназияны «Алтын Белгімен» бітірген. 2002 жылы анасынан айрылып, қазір әкесімен бірге тұрады. Константин өзінің эссесінде жазғандай қойған мақсатына өзі жетіп үйренген адам. Оның бойынан өмірлік белсенділік позициялары бар, атап айтсақ, журналистикамен айналасады, жастар медиафестиваліне, «21 ғасырдың көшбасшысы» телебағдарламасына қатысқан. Екінші іріктеу турында ол білікті білімімен, эрудиция қасиетімен, тез тіл табыса алуымен, қиын жағдаяттарда тез шешімді қабылдау және тағайындауымен ерекшеленді. Байқаудың барлық кезеңінде белсенді ат салысты. Константин сарапшылар, сонымен қатар 2 турдың қатысушылар тарапынан да жақсы бағаға ие болды.

 

МИХАЛЬЧЕНКО ИРИНА

Ирина Алматыда тұрады. №60 гимназияны «Алтын Белгімен» бітірді. Ол өзін-өзі ұйымдастыра және мақсатқа жету жолында түрлі жолдарды қолданатынымен ерекшеленді. Өзінің еңбегімен және табандылығымен көп жетістіктерге жете білді. 15 жасында “FLEX” халықаралық білім алмастыру бағдарламасын жеңіп алып, АҚШ-та білім алып келді. Ирина фортепианинада жақсы ойнайды және оны үздік бітірді. Билегенді жақсы көреді. Оның бойынан ұйымдастырушылық қасиеті басым және нағыз көшбасы азаматшаның бірі. Сарапшылар Иринаның бойынан өзін алға тартумен қатар, басқаларды да артынан жетектеп, қолдау көрсете алатын іскерлігі анықтады. Ол тәртіпті, инабатты, сом мінезді қыз.

 

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!