Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Қордың арқасында мен өміріме жақсы жолдама алып, оқуда мықты тәжірбие алдым.

14.05.2010

Қордың арқасында мен өміріме жақсы жолдама алып, оқуда мықты тәжірбие алдым.

 

Ержан Тәтішев Қорының арқасында менің КИМЭП-те оқуыма үлкен мүмкіндіктер болды. Еліміздің атақты жоғары оқу орындарының қатарына жататын КИМЭП көптеген шетел оқу орындарымен серіктестікте болатыны бәріне белгілі, осындай мүмкіндіктің арқасында мен халықаралық тәжірбие жинақтауға осы оқу орны мен Қордың ықпалы зор болды.

Мен Швециядағы Йончопингтегі Халықаралық Бизнес Мектебінде бір семестр білім нәрімен сусындап, халықаралық деңгейде студенттермен тәжірбие, білім алмастыру бағдарламасының мүшесі болуыма тағдырым маған үлкен күтпеген тосын сыйлық жасады. Мен үшін бұл елде білім алу ұмытылмас кездердің бірі болса, сонымен қатар үлкен сабақ болды.

Йончопингтегі Халықаралық Бизнес Мектебі (Jönköping International Business School) – бұл шынында да халықаралық мектеп. Мен басқа мемлекеттерден келген студенттермен бірге тұрдым, тығыз қарым-қатынаста болдым. Барлығымызда ортақ дүниелеріміз болғанымен, олардың өзіндік астарлары бар ерекшеліктерімен айқындалды. Көптеген тілдердің тарихымен, әртүрлі салт-дәстүрлермен, мәдениетімен, сөйлесу манерімен танысып, көптеген достар таптым.

 

JIBS-ғы оқу маған оңай болған жоқ, бірақ та мен көп нәрсеге үйрендім. Қиындықтарының бірі Қазақстан мен Швеция арасындағы мәдени ерекшеліктермен сипатталды. Мысалы, ол жата кез келген минутын санаулы, ондай сәттің енді болмайтынын ескеріп, тез арада пайдалану қажеттігін түсіндім. Біздің ойымызша, ондай сәттер алдыда әлі де болады, сондықтан да сол минуттардың қадірін білмей жатамыз. Сондықтан да ол жақта аптаға бөлінген сабақ кестесі жоқ, тек барлық семестрге бөлінген сабақтар күні ғана бар, тіпті достарынмен келіскен кездесуге де кешуге болмайды, өз уақытынды үнемдеп, тиесілі түрде жұмыс жасау қажет. Көбінесе өздігімен дайындалуға тура келді, өзімді өзім жетілдіру қажет болды. Меніңше, Швецияда алған білімім болашағымда керегі тиетініне күмәнім жоқ.

 

Мен 5 айдай уақыт бойы сырт елде ата-анамсыз, достарымсыз, туыстарымсыз өмір сүрдім. Өз бюджетімді тағайындап, туындаған мәселені өзім шешім, басқа бөтен адамдармен бірге тұрып, олармен қарым-қатынасты бұзбай, бірге өмір сүруіме тура келді. Кейде көңілді, кейде көңілсіз күндерде өтті.

Осыдан барып, мынандай қорытындыға келдім – өзіңнің туып өскен жеріңнен, сүйікті Отаныннан басқа ештеңке жоқ екен. Өйткені тәлім-тәрбие алған ұяң әрқашанда ыстық болады екен. Ол сенің кедей немесе бай, кемшіліктер мен артықшылықтарына байланысты емес. Ыстық туған жеріңде өзіңді сүйіп, жақсы түсінетін ешкім болмайтынына көзім жетті.

Әмина Давлидова,

Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты

КИМЭП студенті

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!