Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

Ержан Тəтішев Қорының білім беру бағдарламаларының 2017 жылғы жеңімпаздарын марапаттау рəсімі

11.09.2017

2018 жылдың 8 қыркүйегінде Ержан Тəтішев Қоры білім гранттары бағдарламасының жеңімпаздарын құттықтады. Қазақстанның əр аймағынан келген тоғыз үміткер конкурстық іріктеуден өтіп, қор гранттарының иегерлері атанды. Олардың алтауы – “БесТірек” білім гранттары бағдарламасының финалистері жəне үшеуі-мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарламаның финалистері. Олардың барлығы Алматы қаласының үздік жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.

Осы жылы Қор стипендиаттары болған барлық балалар жоғары үлгеріммен, белсенділігімен жəне көшбасшылық жақтарымен ерекшеленді. Екі бағдарлама бойынша іріктеу үш кезеңнен тұрды: жеке басының қасиеттерін, жетістіктері мен отбасының материалдық жағдайын техникалық бағалау, интерактивті семинар, сұхбат жүргізу кезіндегі бағалау.

Мектеп, колледж жəне балалар үйлерінің түлектеріне арналған білім беру гранттарының бағдарламасы – Қордың алғашқы жəне негізгі əзірлемелерінің бірі, оның арқасында 2007 жылдан бері қарапайым отбасылардың балалары жоғары экономикалық білім алуда. 2017 жылы бағдарламаның басымдықтары қайта қаралды жəне қазіргі уақытта ресурстар кəсіпкерлікке практикада оқуға бағытталған. Бағдарлама “БесТірек” атты Алматы Менеджмент Университетімен бірге қайта іске қосылды жəне жас кəсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды жасауға қажетті білім мен дағдыларды алуға көмектеседі. Білім беру грантынан басқа, “БесТірек” бағдарламасының əрбір стипендиаты менторлық қолдау жəне жеке стартап үшін грант алады. Сондай-ақ, стипендиаттар АҚШ-тың Бабсон колледжінің жазғы лагерінде өз білімдері мен дағдыларын жақсартуға мүмкіндік алады.

“БесТірек” білім гранттары Бағдарламасы бойынша гранттар келесі үміткерлерге берілді:

Абитай Азамат, Қарағанды қ.
Балабек Маржан, Тараз қ.
Даулет-Қажы Мұхаммед, Шымкент қ.
Казахстанова Жаңыл, Астана қ.
Кеңес Аяжан, Ақтөбе қ.
Төлеубаев Алмас, Қарағанды қ.

Колледждерде грант бойынша білім алу үшін үміткерлерден дербестікті, мақсаткерлікті жəне таңдалған мамандықты меңгеруге мотивацияны көру күтілді. Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарлама бойынша:

Ахметова Алуа, Алматы қ.
Құдайберген Темірлан, Алматы қ.
Сейтбек Əсел, Алматы қ. конкурстың жеңімпазы болып атанды.

2017 жылғы стипендиаттарға қор атрибутикасы бар сыйлықтар, ай сайын стипендия аударылатын банк карталары табыс етілді. Балалар басқа стипендиаттармен танысып, өздері жайлы айтты. Қор стипендиаттары жаңадан келушілерді байқаудағы жеңістерімен жəне Қордың үлкен отбасына келуімен құттықтады. Қор президенті, Дана Жарикова жəне 2011 жылғы Қор түлегі, Амина Əбуғалиева балаларды жаңа жəне қызықты кезеңнің басталуымен құттықтап, табыс тіледі. Салтанатты бөлімнен кейін өткен оқу жылындағы стипендиаттардың үлгерімі мен волонтерлік жұмыстарының қорытындысы ұсынылды.

Ержан Тəтішев Қоры балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды жəне оларға оқуда табыс жəне ұмытылмас студенттік тілейді!

    

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!