Қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созғандардың қатарына қосыл!

KZ

2015 жыл түлектерін марапаттау және жаңа білімгерлерді құттықтау рәсімі

11.09.2015

2015 жылдың 10 қыркүйегінде, Алматы Менеджмент Университетінің шаңырағында Ержан Тәтішев Қорының биылғы жылғы түлектері мен Білім гранттары бағдарламаларының байқауынан өтіп, жеңімпаз атанған жастарды марапаттау рәсімі өтті.

Қордың серіктес оқу орны, Алматы Менеджмент Университетінің қонақжәй төрінде өткізілген бұл шарада Қорымызды көптеген жылдар қатарына қолдап отырған ең жақын деген достары мен серіктестері бас қосты. Шара жаңа өмір кезеңіне аяқ басқан жастарға жігер мен күш-қуат, ілгері талпыныс пен өмірге деген құштарлықты жоғалтпай, жаңа белестерге жетуге тілектестік білдірген Қор Құрылтайшысы мен Қамқоршы Кеңесінің Төрағасы, Еркін Тәтішевтің ақ тілегімен ашылды. Келген қонақтар 2011 жылы студенттік өмірге аяқ басқан  бүгінгі түлектердің байқаудан іріктелген және марапатталған сәттері, студенттік өмірлері мен оқу барысында жүзеге асырған еріктілік жобалары жайында жасалған бейнетаспаға көз жүгіртіп,  өткенге шолу жасады. Салтанатқа қонақ болып келгендердің ішінде: Қуат Домбай, Құрманғазы Талжанов, Марат Айтмағамбетов, Захира Бегалиева сыңды Қордың бұрынғы серіктестері әрі достары, сонымен бірге серіктес оқу орындарының өкілдері: Энес Куртай Чиг, Балжан Сужикова, Асылбек Қожахметов, Нұржамал Дүйсенқұлова болды. Олар құттықтау сөздерінде Қорымыздың жас ұрпаққа тәрбие беру мен білім беру жүйесіне қосып отырған үлесін  ерекше атап өтті. Бакалаврлардың ішінде оқу бітірген түлегіміз Лаура Көпбаева болды. Ол «Қаржы» мамандығы бойынша диплом алып қана қоймай, Алматы Менеджмент Университетінің ең үздік әрі белсенді студенті атанды. Биылғы жылы Мүмкіндігі шектеулі жастарға арналаған бағдарлама бойынша оқу бітірген түлектеріміз бізді ерекше қуантты. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында тұратын Жасұлан Жұмабек Алматы медициналық колледждінің «Фельдшер ісі» мамандығын тәмамдап, Қ.А. Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеттің медицина факультетіне түсті. Әсия Жолболдиева Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің «Аударма ісін» бітіріп, маман ретінде талпыныс жасамақ. Арғын Кенбабин Балхаш көпсалалы колледжінде заңгер кәсібінің мән-жайын білді, ал қазіргі уақытта Балхаш қаласының Әкімшілігінде жұмыс істеп жатыр. Арғын арбамен қозғалады, поездарда көтеріп салатын қондырғылардың жоқтығынан, ол мерекемізге қосыла алмады. Алайда түлектердің дайындаған бейне-жолдамасы арқылы Қорға деген алғысын білдірді.

Экономика және қаржы салаларында кәсіби мамандарды оқытумен қатар, әлеуметтік жауапкершілікті таныта білетін белсенді көшбасшылар буынын дайындау Қордың стратегиялық алғышарттарының бірі болып табылады. Қор өз алдына атадан балаға берілетін дәстүр үрдісінде өз стипениаттары арасында қамқорлық жасау идеясын насихаттауға тырысады, және де оның дәлелі және айқын үлгісі – Қор түлектерінің атынан алғашқы гранттың тағайындалғаны. Өткенді сараптай білетін әрбір түлек өмірдің шешуші сәтінде уақытылы келген көмектің қаншалықты маңызды екенін ұғынады. Осыдан бірнеше жыл бұрын аяқтарына нық тұрған түлектеріміз ай сайын қайырымдылық жарна жасауға бел буып, үлкен істі бастаған-ды. 2015 жылы грантқа үміткер жастарды іріктеуге қатынасып, Байқау Комиссиясының мүшесі болған Қордың 2012 жылғы түлегі, Константин Кравченко, Тараз қаласынан келіп, бақ сынаған Дария Әміртайға бұйырған грантты өз қолымен табыстады. Костя іріктеуге басқа тұстан қатынасып, оның әділдігі мен тазалығына көз жеткізгеніне қуанғаны жайында айтты. Сонымен бірге ол өзінің стипендиат кезінде басынан кешірген қызықтар, сәтсіз кездері мен қол жеткізген жетістіктері жайында әңгімеледі. Дариядан басқа Аружан Мағзомова (Орал қ.), Бауыржан Ұзақов (Тараз қ.), Дархан Қалибеков (Аягөз қ.) және Жұмағұлова Жанерке (Алматы қ.) стипендиат атағына лайық деп танылды. Қордың атынан түлектер мен стипендиаттардың жаңа буынына естелік сыйлықтар ұсынылды.

Қор Президенті Дана Жарықова өз сөзінде Қордың серіктесі болып қызмет атқарып келе жатқан Алматы Менеджмент Университеті мен КИМЭП Университетіне алғысын білдіріп, табысты әріптестік нышаны ретінде алғыс хаттарды ұсынды.

Қайырымдылық жасау! Сделать пожертвование!

Жарна

Қайырымдылық жарналардан жиналған қаражат қосымша грант бөлуге жұмсалады. 2021 жыл 16 наурызға дейін 16.00-ге дейін жасалған жарналар үшін комиссия 0 теңгені құрайды!